ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
11
ноября
2026

9 - сынып ата-аналарына  арналған «Ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығының»  жиналысы бойынша анықтама

Тақырыбы: «Қолайсыз орта жағдайында эмоционалдық тұрақтылықты қалай сақтауға болады?»

Мақсаты: Ата-аналарға жасөспірімнің эмоционалдық күйзеліс пен қолайсыз орта жағдайларында психологиялық тұрақтылығын сақтауға қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыру.

Жиналыс барысында жасөспірімдік кезеңдегі эмоционалдық өзгерістер, мазасыздықтың туындау себептері, құрдастарымен қарым-қатынаста кездесетін қиындықтар, мектептегі оқу жүктемесі, отбасылық түсініспеушіліктер және әлеуметтік ортаның бала психологиясына әсері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ата-аналарға баланың бойындағы эмоционалдық күйзелістің белгілеріне назар аудару қажеттігі айтылды. Атап айтқанда, көңіл күйінің жиі өзгеруі, тұйықталу, ашуланшақтық, ұйқының бұзылуы, сабаққа қызығушылықтың төмендеуі және қарым-қатынастан қашқақтау сияқты белгілерге мән беру ұсынылды.

Сонымен қатар ата-аналарға төмендегідей ұсыныстар берілді:

  1. Баламен күнделікті ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнату.
  2. Баланың пікірін тыңдап, сезімдерін құрметтеу.
  3. Қиындыққа тап болған жағдайда кінәламай, түсіністік таныту.
  4. Баланы басқа балалармен салыстырмау және шамадан тыс талап қоймау.
  5. Жасөспірімнің жетістіктерін бағалап, өзіне деген сенімділігін арттыру.
  6. Отбасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
  7. Қажет болған жағдайда мектеп психологының көмегіне жүгіну.

Жиналыс барысында ата-аналармен пікір алмасу ұйымдастырылып, өмірлік жағдаяттар арқылы баланың эмоционалдық жағдайын түсіну және қолдау көрсету жолдары талқыланды.

Қорытынды:

Жиналыс нәтижесінде ата-аналар жасөспірімдердің эмоционалдық тұрақтылығын сақтауда отбасының рөлі ерекше маңызды екенін түсінді. Балаға сенім білдіру, оны тыңдау, қолдау көрсету және қауіпсіз психологиялық орта қалыптастыру оның қиындықтарды жеңуіне ықпал ететіні атап өтілді.

9 СЫНЫП

8
ноября
2026

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы  жиналысына талдау.

Тақырыбы: «Бірінші сынып оқушысының бейімделуі және оқу процесінің қауіпсіз басталуы»

Өткізу мерзімі: Қыркүйек айы.

Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-аналарға бірінші сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделу кезеңінің ерекшеліктерін түсіндіру, балалардың психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан мектепке үйренуіне қолдау көрсету, сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырудағы ата-аналардың рөлін арттыру болды.

Сонымен қатар ата-аналарға балалардың мектепке деген қызығушылығын арттыру, оларға психологиялық қолдау көрсету, өзіне деген сенімділігін қалыптастыру және оқу үдерісіне жағымды көзқарас қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілді.

Қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, мектепке келу және қайту кезіндегі жол қауіпсіздігі, мектеп аумағында өзін дұрыс ұстау, бөгде адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі сақтық шаралары, жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ата-аналар өз пікірлерімен бөлісіп, балалардың мектепке бейімделуіне қатысты сұрақтар қойды. Талқылау барысында отбасы мен мектеп арасындағы тығыз байланыстың маңыздылығы атап өтілді.

Жиналыстың нәтижесі:

Жиналыс өз мақсатына жетті. Ата-аналар бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейтіп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мектеп өміріне тезірек үйренуіне көмектесу жолдары бойынша қажетті ақпарат алды.

Қорытынды:

Ата-аналарға балаларын қолдау, күн тәртібін сақтау, қауіпсіздік ережелерін күнделікті қайталау және мектеппен тұрақты байланыста болу ұсынылды. Жиналыс барысында ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттілігі айқындалды. Жалпы, жиналыс мазмұнды әрі нәтижелі өтті.

1 сынып

8
ноября
2026

Ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығы жиналысына талдау.

Тақырыбы: «Бітіруші түлектердің психологиялық әл-ауқаты: алаңдататын белгілер және қолдау көрсету жолдары»

Өткізілген мерзімі: Қыркүйек айы. 11 – сынып ата - аналарына

Жиналыстың мақсаты: Ата-аналардың жасөспірімнің психологиялық әл-ауқатын қолдау бойынша құзыреттілігін арттыру, емтиханға дайындық және тапсыру кезеңінде балаға психологиялық көмек көрсету жолдарын түсіндіру.

Жиналыстың негізгі мақсаты – бітіруші түлектердің психологиялық жағдайына назар аудару, емтиханға дайындық кезеңінде кездесетін күйзеліс пен қобалжудың алдын алу, ата-аналардың балаға дұрыс психологиялық қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыру болды.

      Жиналыс барысында 11-сынып оқушыларының жас ерекшеліктері мен психологиялық жағдайы, ҰБТ-ға дайындық кезінде туындайтын эмоционалдық қиындықтар, емтихан алдындағы қорқыныш, сенімсіздік, шаршау және мазасыздық белгілері туралы ақпарат берілді. Ата-аналарға баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді дер кезінде байқау, оның көңіл күйіне назар аудару, шамадан тыс талап қоймау және өзге оқушылармен салыстырмау қажеттілігі түсіндірілді.

Практикалық бөлімде «Қолдайтын сөз – жаралайтын сөз» жаттығуы ұйымдастырылып, ата-аналарға баламен қарым-қатынаста қолданылатын жағымды және жағымсыз сөздердің әсері талқыланды. Сонымен қатар, жағдаяттық тапсырмалар арқылы емтихан нәтижесіне көңілі толмаған, өзіне сенімсіздік танытқан немесе қатты шаршаған балаға қалай қолдау көрсету керектігі қарастырылды.

Жиналыс барысында ата-аналарға баланың эмоционалдық жағдайын тұрақтандыру, күн тәртібін сақтау, демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру, сенімді қарым-қатынас орнату және қажет болған жағдайда мектеп психологының көмегіне жүгіну туралы ұсыныстар берілді.

Қорытынды:

Жиналыс өзекті тақырыпқа арналды. Талқылау барысында ата-аналарға бітіруші түлектердің психологиялық әл-ауқатын сақтауда отбасының рөлі ерекше екендігі түсіндірілді. Ата-ананың жылы сөзі, түсіністігі, сабырлылығы мен қолдауы баланың өзіне деген сенімін арттырып, емтихан кезеңіндегі психологиялық жүктемені жеңілдетуге ықпал етеді. Жалпы, жиналыс тәрбиелік және ақпараттық бағытта ұйымдастырылып, ата-аналарға балаға қолдау көрсетудің тиімді жолдары ұсынылды.

11сынып

5
ноября
2026

6 – сынып  ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы  жиналысына талдау

Тақырыбы: «Баланы бастауыш сыныптан орта буындағы оқу жағдайына бейімдеу»

Өткізу мерзімі: Қыркүйек айы.

Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-аналарға баланың бастауыш сыныптан орта буынға өту кезеңіндегі психологиялық және оқу үдерісіндегі өзгерістерді түсіндіру, бейімделу кезеңінде балаларға қолдау көрсету жолдарын анықтау және мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту болды.

Жиналыс барысында 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделу ерекшеліктері, жаңа пән мұғалімдеріне үйренуі, сабақ кестесінің өзгеруі, оқу жүктемесінің артуы, өздігінен жұмыс істеу және жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері қарастырылды.

Ата-аналарға осы кезеңде балалардың бойында кездесуі мүмкін қиындықтар туралы түсіндірілді. Атап айтқанда, оқу үлгерімінің уақытша төмендеуі, шаршағыштық, мазасыздық, жаңа ортаға үйренудегі қиындықтар және өзіне деген сенімсіздік мәселелеріне назар аударылды.

Сонымен қатар ата-аналарға балалардың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, үй тапсырмасын өз бетінше орындауға үйрету, баланың жетістіктерін бағалау, шамадан тыс талап қоймау және эмоционалдық қолдау көрсету бойынша ұсыныстар берілді.

Жиналыс барысында ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, балалардың орта буынға бейімделуіне қатысты сұрақтарын қойды. Бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің бірлескен жұмысының маңыздылығы талқыланды.

Жиналыстың нәтижесі

Жиналыс өз мақсатына жетті. Ата-аналар 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделу кезеңіндегі ерекшеліктері мен кездесетін қиындықтары туралы ақпарат алды. Балаларына қолдау көрсету, оқу мотивациясын арттыру және өздігінен білім алу дағдыларын дамыту жолдарымен танысты.

Қорытынды:

Жалпы, ата-аналар жиналысы мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Ата-аналарға балалардың орта буынға бейімделу кезеңінде оларға түсіністікпен қарап, қолдау көрсету, мұғалімдермен тығыз байланыста болу және баланың жеке ерекшеліктерін ескеру ұсынылды.

Ұсыныс: Баланың оқу үлгерімін ғана емес, психологиялық жағдайын да назарда ұстап, оның орта буындағы мектеп өміріне біртіндеп әрі жайлы бейімделуіне жағдай жасау.

6сынып

1
ноября
2026

2026 жылғы 22 қазанда мектебімізде «Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқу үлгерімі мен тәртібін талқылау және бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті арттыру.
Жиналыс барысында келесі мәселелер қарастырылды:
Шарбақты ауданы полиция бөлімінің ЮПТ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Токпаева Мирамгүл Қалымқызы құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың тәртібі, буллинг пен кибербуллинг, дропперлік және интернет алаяқтықтың қауіптері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шарбақты ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Колыбаев Адильбек Оразбайұлы және аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Сулейменов Миржан Бүркітұлы өрт қауіпсіздігі мен жылыту маусымында сақталуы тиіс сақтық шаралары туралы ақпарат берді.

https://www.instagram.com/reel/DfC5_Rxu0a5/?obrf=MXJ4c2pvMDk1aHgyZA==

23
октября
2026

“Жаны ашымастың басы ауырмас” Дәл осы тақырыппен «Сенімен Болашақ»РҚБ ,Шарбақты ауданы жанашырлары Ербол Жарылқапұлы мен Айгүл Нәбиқызы және Даурен Калдыбаевтың ұйымдастыруымен ортақ мүдде адами құндылық, азаматтық жауапкершілік пен ұрпақ болашағына жанашырлық танытатын жандардың басын қосқан шара өтті.Азаматтық қоғамның , саналы азаматтарын артыруға, отбасы құндылықтарын насихаттауға, ұрпақ тәлім- тәрбиесі аясында ағартушылық бағытта, бірлестіктің САНАЛЫ АТА-АНА АКАДЕМИЯСЫ бағыттары бойынша іс- шаралар мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін Шарбақты ауданы білім бөлімі және аудандық кәсіп одақ ұйымы мен өзара ынтымақтастық келісім шартына қол қойылды.Аудандық білім бөлімі басшысы Дәурен Қалдыбайұлы бірлестік жанашыры қатарына қосылып, аудан жанашырларымен бірге елге қызметте әрдайым «СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» РҚБ мен бірге болатынын жеткізді.👏Осындай игі шаралардың өтуіне бастамашы болған бірлестік жанашырлары @erkegalizhangazy , Ербол Жарылқапұлы мен @aigul_syzdykova1 бастаған @bakustarzhangozin @khyzyrzhanarys мырзалар қостаған жанашырларға шын жүректен алғыс білдіреміз.
Аудандық білім бөліміне шын жүректен алғыс айтамыз!Елге қызмет- ортақ жауапкершілік!
Жанашырлық- құндылықтың өзегі.

https://www.instagram.com/reel/Devd13ZIm4h/?obrf=ZDdtdW5kYzh4bHlq

23
октября
2026

2026 жылғы 16 қазанда мектепте Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес «Балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында кезекті отырыс өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – ата-аналардың бала қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапкершілігін арттыру, балалардың өмірі мен денсаулығына төнуі мүмкін қауіп-қатерлердің алдын алу жолдарын түсіндіру, сондай-ақ отбасында және қоғамдық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығын ұғындыру.
Отырыс барысында балалардың үйдегі, мектептегі, көшедегі және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік желілерді дұрыс әрі қауіпсіз пайдалану, жеке ақпараттарды қорғау, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі сақтық шараларын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, балалардың психологиялық және эмоционалдық жағдайына назар аудару, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі және отбасындағы бақылау мен қолдаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

https://www.instagram.com/reel/DerBT_aOcp1/?obrf=Y3cyOWgzbGViM2lj

23
октября
2026

Ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығы ұйымдастырылған жиналыс.

Тақырыбы: «Жасөспірімге қиын кезеңдер мен дағдарыстық жағдайларды жеңуге қалай көмектесу керек?»

Мақсаты: ата-аналардың жасөспірімге дағдарыстық жағдайларда қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

  • Жасөспірімнің эмоционалдық жағдайын және оның қажеттіліктерін түсіну;
  • Жасөспіріммен сенімді қарым-қатынас орнату және оны сақтай білу;
  • Қиын жағдайларда баланы тыңдауға және қолдау көрсетуге дайын болу.

      Қыркүйек айында 10-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өткізілді.

🎯 Жиналыстың мақсаты – ата-аналардың жасөспірімдерге қиын кезеңдерде қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыру, бала мен ата-ана арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту.

        Жиналыс барысында жасөспірімдік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері, балалардың эмоционалдық жағдайы, құрдастарымен қарым-қатынасы, оқу барысындағы қиындықтары және дағдарыстық жағдайлардың алдын алу мәселелері талқыланды.

     Ата-аналарға баланы мұқият тыңдау, оның сезімдерін түсіну, сын айтудан және өзгелермен салыстырудан аулақ болу, қиын сәттерде қолдау көрсету жөнінде пайдалы кеңестер берілді.

🤝 Балаға ең қажет нәрсе – оны түсінетін, тыңдайтын және әрдайым қолдайтын ата-ана!

       Отбасындағы сенім мен түсіністік – жасөспірімнің тұлғалық дамуы мен эмоционалдық саулығының маңызды негізі.

10сынып

https://www.instagram.com/p/DeqrQfejmJ4/?xtok=eTVrM2l3bG54NzVz

© 2026. Все права защищены.