ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
3
апреля
2026

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастыруымен 5-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім мен жеке шекараға құрмет» тақырыбында жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, балалардың жеке шекарасын құрметтеу, зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары мен тиімді тәрбиелік тәсілдер жөнінде пайдалы ақпараттар берілді.

Ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарына жауап алды. Іс-шара өз мақсатына жетіп, ата-аналар үшін маңызды әрі пайдалы кездесу болды.

пос4

https://www.instagram.com/p/DWoPfrBiHSX/?igsh=MXE4cDF4cTYzeGRhaA==

1
апреля
2026

30.03.2025 ж, мектебімізде «Жанұя жылуы» жобасы аясында ата-аналарға арналған «Отбасылық ресурстар» тақырыбында тренинг сабағы өтті. Шараның басты мақсаты — отбасының ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін анықтау, ата-аналардың эмоционалдық тұрақтылығын арттыру және өзара қолдау дағдыларын нығайту.
Тренингке 25 ата-ана қатысты. 55 минутқа созылған сабақ барысында қатысушылар пікірталас, топтық жұмыс және түрлі практикалық жаттығуларға белсене араласты.
Ата-аналар «Ата-ана ретіндегі өзім жайлы 3 сөз» жаттығуы арқылы танысып, тренингтің мақсат-міндеттерімен танысты. Негізгі бөлімде «Отбасы ресурстары дегеніміз не?» атты мини-лекция тыңдалып, «Менің ресурс дөңгелегім» жаттығуы арқылы жеке және отбасылық ресурстар көзін анықтады. Сондай-ақ, топтық жұмыс барысында отбасының қолдау жүйесі ретіндегі рөлі талқыланып, «Ресурс-карточкалар» жаттығуы арқылы отбасы үшін маңызды 5 негізгі ресурс таңдалды.
Тренинг соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға дайын екендіктерін білдірді. Ата-аналар мұндай шаралардың отбасылық қарым-қатынасты нығайтудағы маңыздылығын атап өтті. Тренинг соңында ата-аналарға «Ресурс жинаудың 3 қарапайым жолы» атты жадынама таратылды.

https://www.instagram.com/reel/DWjIFa8CI9f/?igsh=MWtydXIwZXJoa3VnbA==

4
февраля
2026

2026 жылғы 2 ақпанда мектебімізде
«Құқықбұзушылықтың алдын-алуда мектеп пен отбасының өзара байланысы»
тақырыбында мазмұнды әрі маңызды ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа ауданымыздың әр саладан келген білікті мамандары қатысып, ата-аналармен ашық әрі пайдалы әңгіме өрбітті:
Аязбаева Дана Қайратқызы – Шарбақты ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы, Дулатов Қуат Дулатұлы – аудандық орталықтандырылған аурухана бас дәрігердің орынбасары, Қасымханова Толғанай Жасқайратқызы – дәрігер инфекционист, Тыныбек Бағдан Саматқызы – санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілі.
Кездесу барысында бала тәрбиесі, денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды:
✔️ Ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығы, баланы бірлесе қолдау
✔️ Балалардың үйде, мектепте және көшеде қауіпсіздігін қамтамасыз ету
✔️ Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік
✔️ Түнгі уақытта балалардың заңды өкілдерінсіз жүруіне жол бермеу, ата-аналардың жауапкершілігі
✔️ Компьютерлік ойындар мен әлеуметтік желілерге тәуелділіктің алдын алу, ата-аналық бақылау
✔️ Киберқауіпсіздік: интернет-алаяқтықтан сақтану, балаларды онлайн қауіптен қорғау
✔️ Ерте жүктіліктің алдын алу
✔️ Вакцинацияның маңызы
✔️ Баланың өмір қауіпсіздігі: аутодеструктивті мінез-құлық пен буллингтің алдын алу
✔️ Психологиялық қолдаудың маңыздылығы
✔️ Оқушыларды қосымша біліммен, үйірмелермен және секциялармен қамту. Бұл кездесу — ата-ана мен мектептің бір мақсатта, бір бағытта әрекет еткенде ғана баланың жарқын болашағын қалыптастыра алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Бала қауіпсіздігі — баршамызға ортақ жауапкершілік!

https://www.instagram.com/reel/DUTEHOCiF_i/?igsh=bTQzN3U5bmlvMXFr

2
декабря
2025

2025 жылғы 1 желтоқсанда «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» акциясы және “Жанұя жылуы” жобасы аясында «Балалар мен ата-аналардың өзара қатынастары: байланыстың қалыптасуы және оны нығайту жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Бұл шара бастауыш сынып ата-аналарына педагогикалық қолдау көрсетуге, балалармен қарым-қатынасты дұрыс құру және байланысты нығайту жолдарын көрсетуге арналды. Пайдалы кеңестер мен тәжірибе алмасу арқылы қатысушылар өз білімдерін жетілдірді.
Отбасы мен балалар арасындағы байланысқа бағытталған маңызды іс-шара сәтті өтті.

https://www.instagram.com/reel/DRunLuviKv2/?igsh=MW9vdjV4YW5rbnBpcg==

21
ноября
2025


Жоба аясында әр сынып деңгейінде тәрбиеге бағытталған қызықты іс-шаралар ұйымдастырылуда:

✨ 1-сыныптарда – «Отбасылық әңгіме» өткізіліп, ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынас нығая түсті.
🎲 2-сыныптарда – «Отбасылық шағын ойын» ұйымдастырылып, оқушылар ата-аналарымен бірге көңілді уақыт өткізді.
📸 3-сыныптарда – «Отбасылық фотосессия» жасалып, есте қалатын жарқын сәттер сақталды.
🕘 4-сыныптарда – «Менің бір күндік күн тәртібім» тақырыбында оқушылар өз күнін жоспарлауды үйренді.
🤝 5-сыныптарда – «Ата-анаға үй шаруасына көмектесу» іс-шаралары өткізіліп, оқушылар еңбекке баулынды.

Бұл жобаның мақсаты – оқушылардың отбасылық құндылықтарды сақтауға, еңбек сүйгіштікке және жауапкершілікке баулу.

https://www.instagram.com/p/DRMpPyzCLzq/?igsh=a2s4N3ppOWxrZ21l

10
октября
2025

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы (АПҚО) және жоспарға сәйкес 5–8 сынып ата-аналарына «Құқықтық өріс» тақырыбында дәріс өткізілді.
Бұл шараға арнайы құқықтық органдардың қызметкері қатысып, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және ата-аналардың жауапкершілігі жөнінде маңызды ақпаратпен бөлісті.
Мақсаты:
- ата-аналардың құқықтық білімін жетілдіру;
- отбасындағы қарым-қатынаста өзара сыйластық пен түсіністікті қалыптастыру;
- балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау.
Осындай кездесулер ата-аналарға құқықтық тұрғыда бағыт-бағдар беріп, отбасы құндылықтарын сақтауға ықпал етеді. 

https://www.instagram.com/reel/DPFrM_tCNl0/?igsh=MWpqMjlkcDZjOWFsZw==

 

© 2026. Все права защищены.