2026 жылғы 28 сәуірде «Мәдениет заңнан басталады: заманауи әлемдегі жауапты ата-ана» атты ата-аналар форумы өтті.
Форумның басты мақсаты – отбасы мен мектеп арасындағы тығыз байланысты дамыту, балалардың қауіпсіз әрі табысты болашағын қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және әрбір ата-ананың жауапкершілігін арттыру болды.
Аталған кездесу – ортақ мәселелерге бейжай қарамай, бірлесе шешім қабылдауға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Форумға арнайы шақырылған спикерлер:
Аязбаева Дана Қайратқызы – Шарбақты ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы;
Сүлейменов Миржан Бүркітұлы – Шарбақты ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты мазмұнды баяндамалар жасап, өзекті мәселелер бойынша құнды ақпараттармен бөлісті.
Форум барысында күн тәртібіне сәйкес келесі маңызды мәселелер қарастырылды:
1. Құқық бұзушылықтың алдын алу:
«Буллинг және заң»;
«Вандализм және ата-ананың жауапкершілігі»;
«Коменданттық сағат»;
«Нөлдік төзімділік» қағидаты.
2. Киберқауіпсіздік және цифрлық мәдениет:
«Дропперлік және заңсыз әрекеттерге тарту»;
«Цифрлық гигиена»;
«Жеке деректерді қорғау»;
«Кибербуллинг және цифрлық із»
https://www.instagram.com/reel/DXsrrd6E704/?igsh=cmQ3M3BrcTVpb2oy




