1-4 сынып оқушылардың ата - аналарына арналған “Педагогикалық қолдау орталығының” кезекті отырысы “ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ БАЛАНЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ” тақырыбында өткізілді.
Мақсаты: ата-аналардың баланың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның жеке шекараларын сақтау, зорлық-зомбылық белгілерін дер кезінде тану және дабыл сигналдарына сай әрекет ету бойынша дайындығын қалыптастыру.
Міндеттері:
• зорлық-зомбылықтың түрлері және оның салдары туралы ақпараттандыру;
• баланың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәні, оның түрлері (физикалық, психологиялық, жыныстық, немқұрайлылық) және баланың дамуындағы маңызы туралы түсініктерін кеңейту;
• баланың зорлық-зомбылықты тану және анықтау қабілетін, ересектермен сенімді қарым-қатынас болмағанда бас тарту дағдыларын, зорлық-зомбылықтың салдарына саналы көзқарасын қалыптастыру бойынша әдіс-тәсілдері үйрету;
• баланың өзін қалай қорғай алатынын және балаға қатысты зорлық-зомбылыққа күдік туындаған кезде ата-ананың қалай әрекет ету керектігін талқылау;
• баланың жеке шекарасы қалай қалыптасатынын түсіндіру;
• ата-аналарға баланың үйдегі, мектептегі және интернеттегі қауіпсіздігіне қалай үлес қоса алатынын көрсету.

https://www.instagram.com/p/DYeW7_WCEpq/?img_index=4&igsh=NHN1czcwdTcwdXEy




