9 - сынып ата-аналарына арналған «Ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жиналысы бойынша анықтама
Тақырыбы: «Қолайсыз орта жағдайында эмоционалдық тұрақтылықты қалай сақтауға болады?»
Мақсаты: Ата-аналарға жасөспірімнің эмоционалдық күйзеліс пен қолайсыз орта жағдайларында психологиялық тұрақтылығын сақтауға қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыру.
Жиналыс барысында жасөспірімдік кезеңдегі эмоционалдық өзгерістер, мазасыздықтың туындау себептері, құрдастарымен қарым-қатынаста кездесетін қиындықтар, мектептегі оқу жүктемесі, отбасылық түсініспеушіліктер және әлеуметтік ортаның бала психологиясына әсері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ата-аналарға баланың бойындағы эмоционалдық күйзелістің белгілеріне назар аудару қажеттігі айтылды. Атап айтқанда, көңіл күйінің жиі өзгеруі, тұйықталу, ашуланшақтық, ұйқының бұзылуы, сабаққа қызығушылықтың төмендеуі және қарым-қатынастан қашқақтау сияқты белгілерге мән беру ұсынылды.
Сонымен қатар ата-аналарға төмендегідей ұсыныстар берілді:
- Баламен күнделікті ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнату.
- Баланың пікірін тыңдап, сезімдерін құрметтеу.
- Қиындыққа тап болған жағдайда кінәламай, түсіністік таныту.
- Баланы басқа балалармен салыстырмау және шамадан тыс талап қоймау.
- Жасөспірімнің жетістіктерін бағалап, өзіне деген сенімділігін арттыру.
- Отбасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
- Қажет болған жағдайда мектеп психологының көмегіне жүгіну.
Жиналыс барысында ата-аналармен пікір алмасу ұйымдастырылып, өмірлік жағдаяттар арқылы баланың эмоционалдық жағдайын түсіну және қолдау көрсету жолдары талқыланды.
Қорытынды:
Жиналыс нәтижесінде ата-аналар жасөспірімдердің эмоционалдық тұрақтылығын сақтауда отбасының рөлі ерекше маңызды екенін түсінді. Балаға сенім білдіру, оны тыңдау, қолдау көрсету және қауіпсіз психологиялық орта қалыптастыру оның қиындықтарды жеңуіне ықпал ететіні атап өтілді.





