Ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығы жиналысына талдау.
Тақырыбы: «Бітіруші түлектердің психологиялық әл-ауқаты: алаңдататын белгілер және қолдау көрсету жолдары»
Өткізілген мерзімі: Қыркүйек айы. 11 – сынып ата - аналарына
Жиналыстың мақсаты: Ата-аналардың жасөспірімнің психологиялық әл-ауқатын қолдау бойынша құзыреттілігін арттыру, емтиханға дайындық және тапсыру кезеңінде балаға психологиялық көмек көрсету жолдарын түсіндіру.
Жиналыстың негізгі мақсаты – бітіруші түлектердің психологиялық жағдайына назар аудару, емтиханға дайындық кезеңінде кездесетін күйзеліс пен қобалжудың алдын алу, ата-аналардың балаға дұрыс психологиялық қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыру болды.
Жиналыс барысында 11-сынып оқушыларының жас ерекшеліктері мен психологиялық жағдайы, ҰБТ-ға дайындық кезінде туындайтын эмоционалдық қиындықтар, емтихан алдындағы қорқыныш, сенімсіздік, шаршау және мазасыздық белгілері туралы ақпарат берілді. Ата-аналарға баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді дер кезінде байқау, оның көңіл күйіне назар аудару, шамадан тыс талап қоймау және өзге оқушылармен салыстырмау қажеттілігі түсіндірілді.
Практикалық бөлімде «Қолдайтын сөз – жаралайтын сөз» жаттығуы ұйымдастырылып, ата-аналарға баламен қарым-қатынаста қолданылатын жағымды және жағымсыз сөздердің әсері талқыланды. Сонымен қатар, жағдаяттық тапсырмалар арқылы емтихан нәтижесіне көңілі толмаған, өзіне сенімсіздік танытқан немесе қатты шаршаған балаға қалай қолдау көрсету керектігі қарастырылды.
Жиналыс барысында ата-аналарға баланың эмоционалдық жағдайын тұрақтандыру, күн тәртібін сақтау, демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру, сенімді қарым-қатынас орнату және қажет болған жағдайда мектеп психологының көмегіне жүгіну туралы ұсыныстар берілді.
Қорытынды:
Жиналыс өзекті тақырыпқа арналды. Талқылау барысында ата-аналарға бітіруші түлектердің психологиялық әл-ауқатын сақтауда отбасының рөлі ерекше екендігі түсіндірілді. Ата-ананың жылы сөзі, түсіністігі, сабырлылығы мен қолдауы баланың өзіне деген сенімін арттырып, емтихан кезеңіндегі психологиялық жүктемені жеңілдетуге ықпал етеді. Жалпы, жиналыс тәрбиелік және ақпараттық бағытта ұйымдастырылып, ата-аналарға балаға қолдау көрсетудің тиімді жолдары ұсынылды.





