ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
23
Қазан
2026

«Туған елім – жыр мекенім!»Республика күнін мерекелеу жоспарына сәйкес «Туған елім – жыр мекенім!» атты патриоттық мәнерлеп оқу челленджі аясында 6 «А» сынып оқушысы Қуатәлі Нұрсылан Отанға деген сүйіспеншілігін жүрекжарды өлең жолдары арқылы жеткізді.
Бұл челлендждің мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, туған жерге деген құрметті арттыру және ұлттық рухты дәріптеу.
Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын болсын! Республика күні құтты болсын!

https://www.instagram.com/reel/De0tPE9IWAh/?rpxt=ODQ1cHUxbWppbWZn

23
Қазан
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 25 қазан – Республика күніне орай мектебіміздің оқушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындап, «Әнұраным – айбыным!» патриоттық челленджіне қатысты.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің маңызын дәріптеу.
Мемлекеттік Әнұранды асқақтата орындаған оқушылар туған елге деген сүйіспеншіліктері мен патриоттық рухтарын көрсетті.
Республика күні құтты болсын! Тәуелсіз еліміздің көк байрағы мәңгі желбіресін!

https://www.instagram.com/reel/DezmQmsO376/?rpxt=MWQ5aXE2bTFwcW9rbQ==

23
Қазан
2026

2026 жылғы 19 қазанда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 25 қазан – Республика күніне орай 1–11-сынып оқушылары арасында патриоттық бағыттағы тәрбие сағаттары және бекітілген жоспарға сәйкес қауіпсіздік сабақтары өткізілді.
Тәрбие сағаттары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес төмендегі тақырыптар бойынша ұйымдастырылды:
1–4-сыныптар: «Республикам – мақтанышым»;
5–8-сыныптар: «Қазақ елі – менің Отаным»;
9–11-сыныптар: «Қазақстан – ортақ Отанымыз, ортақ мақтанышымыз».
Тәрбие сағаттарының негізгі мақсаты – оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, ел тарихына, мемлекеттік рәміздерге және ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру.
Іс-шаралар барысында оқушылар Республика күнінің тарихи маңызымен танысып, еліміздің тәуелсіздігі, жетістіктері, бірлігі мен болашағы туралы ой бөлісті. Туған жерді құрметтеу, ел алдындағы жауапкершілікті сезіну және Отанға адал қызмет ету құндылықтарына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, бекітілген жоспарға сәйкес қауіпсіздік сабақтары өткізіліп, оқушыларға күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтау, қауіпті жағдайлардың алдын алу және жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді.
Аталған тәрбие және қауіпсіздік сабақтары оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, патриоттық құндылықтарын нығайтуға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Елін сүйетін, Отанын құрметтейтін, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарайтын саналы ұрпақ тәрбиелеу – басты міндетіміз!
Республика күні құтты болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміздің болашағы жарқын болсын!

https://www.instagram.com/p/DerlU-VjkvM/?vrfl=NWFsbWh3enIzcWk3

19
Қазан
2026

 2026 жылғы 16 қазанда мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында 1–4-сынып оқушыларының қатысуымен «Күзгі асар – 2026» көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды адал еңбекке баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу, сондай-ақ мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Көрме-жәрмеңке екі бағыт бойынша өткізілді:
І бағыт – «Алтын күз» шығармашылық қолөнер көрмесі.
Оқушылар ата-аналары мен сынып жетекшілерінің қолдауымен табиғи және сәндік материалдардан күз мезгілінің әсемдігін, берекесі мен молшылығын бейнелейтін ерекше шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Көрмеге қойылған туындылар оқушылардың қиялын, шеберлігін және шығармашылық ізденісін көрсетті.
ІІ бағыт – «Күзгі дастарқан» тағамдар жәрмеңкесі.
Бұл бағытта әр сынып түрлі тағамдар мен тәттілерден күзгі дастарқан әзірлеп, жәрмеңкеге ұсынды. Оқушылар сауда-саттыққа қатысу арқылы кәсіпкерлік туралы алғашқы түсініктерін қалыптастырып, еңбек нәтижесін бағалауға және қаржылық сауаттылыққа дағдыланды.
Жәрмеңкеге 5–11-сынып оқушылары да белсенді қатысып, ұсынылған өнімдерді сатып алу арқылы бастауыш сынып оқушыларының еңбегіне қолдау көрсетті.
«Күзгі асар – 2026» көрме-жәрмеңкесі оқушылардың шығармашылығы мен еңбекқорлығын дәріптеп, бірлік пен ынтымақтастықты нығайтқан тәрбиелік мәні зор іс-шара болды.
Іс-шараның ұйымдастырылуына атсалысқан сынып жетекшілеріне, ата-аналарға және белсенділік танытқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз! 

https://www.instagram.com/reel/DeoE6Frucwt/?psln=MWJvaW56M2tpZ2c4YQ==

19
Қазан
2026

 «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында мектебімізде «Эко сағат» бағыты бойынша қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа қамқорлық жасау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Мектебімізде бөлме гүлдерін суару, күтіп-баптау, жапырақтарын шаңнан тазарту және өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай жасау күнделікті қалыптасқан игі дәстүрге айналған.
Оқушылар бұл жұмыстарға белсенді қатысып, жасыл желектерге қамқорлық жасау арқылы еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және табиғатты аялауға дағдылануда.
Экологиялық мәдениет бір реттік іс-шарамен шектелмейді. Ол – күнделікті жасалатын қарапайым игі істерден басталатын өмірлік ұстаным.
Таза Қазақстан – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз!

https://www.instagram.com/reel/DejgFybOU9Q/?psln=NzI4cDBib3N1d2Nz

19
Қазан
2026

Мектебімізде мектеп президентін ұлықтау және 5-сынып оқушыларын «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты рәсімі өтті.
Бұл — оқушылардың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастырып, ел болашағына деген сенімін нығайтатын маңызды қадам.
Жас көшбасшыларға сәттілік, жарқын жетістіктер мен биік белестер тілейміз!

https://www.instagram.com/reel/DegLU2WIyBy/?cplk=aWlueDEycTQ5OHQ2

19
Қазан
2026

2026 жылғы 9 қазанда мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында 9–11-сынып оқушыларына арналған «Мамандықтар әлемі» тақырыбында кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.
Кездесуге оқушыларға әскери қызмет саласындағы мамандықтар туралы ақпарат беру және кәсіби бағыт-бағдар көрсету мақсатында Шарбақты ауданындағы «Дархан» шекара бөлімінің әскери қызметшілері арнайы келді:
Полковник -Нурманов Нургали Абдиалиевич;
Майор -Кенжебеков Мақсат Талғатұлы;
Капитан -Дінасилов Мейрлан Нұрланұлы;
Лейтенант -Орынбек Әділет Амангелдіұлы.
Кездесу барысында әскери қызметшілер оқушыларға шекара қызметінің ерекшеліктері, әскери мамандықтардың маңызы, әскери қызметке қойылатын талаптар, кәсіби даярлық және Отан алдындағы жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар әскери мамандықты таңдаудың жауапкершілігі, тәртіп пен табандылықтың маңызы, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шекарашылардың рөлі кеңінен түсіндірілді.
Кездесу соңында әскери қызмет саласындағы мамандықтарға қызығушылық танытқан оқушыларымызбен жеке әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Әскери қызметшілер оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға кеңес берді.

https://www.instagram.com/reel/DeXSdoLOHwm/?rpxt=dDdkYzZ6YmR4Njli

9
Қазан
2026

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ — МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАДЫ! Бүгін мектебімізде оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесіндегі маңызды саяси науқан — Мектеп Президентін сайлау өтті.Сайлау нәтижесінде 9”б” сынып оқушысы Жанатбек Елшуақ мектеп Президенті болып сайланды!
Жаңа Президентімізге мектеп өмірін дамыту жолында сәттілік, белсенділік және жарқын бастамалар тілейміз!

https://www.instagram.com/reel/DePfXCAO0qW/?psln=MWxpcWsxOHBrM2Nubw==

© 2026. Все права защищены.