ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
14
Қыркүйек
2026

2026 жылғы 7 қыркүйекте «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында мектебімізде «Отбасы: дәстүрден қазіргі заманға» атты апталық аясында 6-сынып оқушыларымен «Үлкендердің батасы» атты тәрбиелік кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларға отбасы құндылықтарын дәріптеу, үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу, ізеттілік пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлерін насихаттау.
Тәрбиелік кездесуге арнайы шақырылған Әділұлы Райымбек Қажы оқушылармен ашық әңгімелесіп, отбасындағы үлкендердің орны, ата-ананы құрметтеу, амандасудың маңыздылығы жөнінде өз ойымен бөлісті. Сонымен қатар өмірлік тәжірибесінен өнегелі әңгімелер айтып, жас ұрпаққа ақыл-кеңесін жеткізді.
Кездесудің ең әсерлі сәті – оқушылардың ақсақалдан ақ бата алуы болды.
«Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген халқымыздың даналық сөзі бүгінгі шараның мәнін айқындай түсті. Ақ бата – үлкеннің кейінгі ұрпаққа деген ақ тілегі ғана емес, тәрбиелік мәні терең рухани аманат.
Оқушылар өз ризашылықтарын білдіріп, Райымбек ағаға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен шаңырағына құт-береке тіледі.
Атадан балаға – ақыл қалсын,
Әжеден немереге – өнеге қалсын,
Үлкеннің батасы – ұрпаққа аманат болсын!
Осындай тағылымды кездесулер арқылы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, үлкенді құрметтейтін, отбасын қадірлейтін, жауапкершілігі мол Адал азамат тәрбиелеу – басты міндетіміз.

https://www.instagram.com/reel/DdCB8MwhLJP/?stkn=MWQzaTRhMGhvZmljag==

8
Қыркүйек
2026

2026 жылғы 7 қыркүйекте «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес А. Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде кезекті саптық жиын өткізілді.
Саптық жиын барысында оқушыларға мектептің ішкі тәртібі, мектеп мәдениеті мен әдептілігі, мектеп формасына және сыртқы келбетке қойылатын талаптар түсіндірілді.
Жиында үлкендермен амандасу – құрмет пен тәрбиенің белгісі екені, мектеп формасын таза әрі ұқыпты кию, сыртқы келбетке қойылатын талаптарды сақтау, мектеп мүлкіне ұқыпты қарау, тазалық пен тәртіпті сақтау қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар, 6–10 сыныптар арасында ұйымдастырылған кезекшілік жұмысының тәртібі таныстырылып, кезекші сыныптардың үзіліс кезінде тәртіп пен тазалықты сақтауға, оқушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауына назар аударылды.
Саптық жиынның басты мақсаты – оқушылардың бойында жауапкершілік, тәртіп, әдептілік, өзара құрмет және мектепке деген ортақ жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру.
Тәртіп бар жерде – жауапкершілік, жауапкершілік бар жерде – нәтиже бар!
Жаңа апта барша оқушы мен ұстаздарға сәттілік, жақсы көңіл-күй және толағай жетістіктер әкелсін!

https://www.instagram.com/reel/DdBMgrburD2/?stkn=MTB3ZWxxdmJxMThpcQ==

8
Қыркүйек
2026

7 қыркүйек күні Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде оқушылардың отбасылық құндылықтарын дәріптеу, сыйластық пен жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру мақсатында тәрбие сағаттары және қауіпсіздік сағаттары өткізілді.
📚 1–4 сыныптарда – «Менің бақытты отбасым» тақырыбында;
📚 5–8 сыныптарда – «Отбасындағы сыйластық – бақыттың бастауы» тақырыбында;
📚 9–11 сыныптарда – «Бақытты отбасы: түсіністік, жауапкершілік және қолдау» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар отбасының адам өміріндегі маңызы, ата-анаға құрмет, өзара түсіністік, қамқорлық пен қолдау туралы ой бөлісті. Сонымен қатар оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған қауіпсіздік сағаттары өткізілді.
Отбасы – сүйіспеншілік пен мейірімнің, түсіністік пен қолдаудың бастауы!

https://www.instagram.com/p/Dc_UPifiFju/?stkn=cXBlNGh0dHhjMGk1

8
Қыркүйек
2026

2026 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан халқының тілдері күніне орай А. Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» атты танымдық сайыс ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың тілге деген құрметін арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін насихаттау, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен таныту.
Танымдық сайысқа 7 «А», 9 «А» және 10-сынып оқушылары қатысты. Сайыс барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, ағартушылық қызметі, ғылыми және әдеби мұрасы туралы білімдерін ортаға салды. Қатысушылар «Қырық мысал», «Маса», «Әдебиет танытқыш», «Оқу құралы» еңбектері бойынша түрлі тапсырмалар орындап, өз білімдерін көрсетті.
Сайыс бірнеше кезеңнен өтіп, оқушылар белсенділік пен тапқырлық танытты. Әр кезеңнің қорытындысы бойынша қатысушылардың жауаптары бағаланып, үздіктер анықталды.
Іс-шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталды. Белсенділік танытқан оқушылар қатарында Касимова Бақтыгүл, Сынбатқызы Аида, Самат Назым, Ахметова Асемай, Жанатбек Жайдар, Каппар Абдумалик бар.
https://www.instagram.com/reel/Dc6BUvcuY52/?stkn=a2lvZDJoemUyMnk5

 

3
Қыркүйек
2026

Жаңа оқу жылының алғашқы күнінде мектебімізде 1–11 сынып оқушылары арасында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағаттарының барысында оқушылар Конституцияның маңыздылығы, азаматтың құқықтары мен міндеттері, ел алдындағы жауапкершілік және отансүйгіштік туралы ой бөлісті.
Адал азамат болу – ел болашағына жауапкершілікпен қараудан басталады!
Конституция – құқық пен әділеттің, тұрақтылық пен бірліктің негізі!
Жаңа оқу жылы барша оқушыларымызға сәттілік, биік белестер мен жарқын жетістіктер әкелсін!

https://www.instagram.com/p/Dcar9GRDjlH/?igsi=NW15OXphZnJ2dm83

мектеп6мектеп 7

мектеп9

3
Қыркүйек
2026

АТА-АНАЛАР МЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА! 2026–2027 оқу жылында білім алушылардың мектеп формасына және сыртқы келбетіне қойылатын талаптар Мектеп формасы:
▪️ таза, ұқыпты және жинақы болуы;
▪️ классикалық, іскерлік стильде болуы;
▪️ бірыңғай түстер гаммасында орындалуы;
▪️ зайырлы сипатта болуы тиіс.
Мектеп формасына діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 49-бабына сәйкес ата-аналар баласының мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауын қамтамасыз етуге міндетті.
Мектеп формасына қойылатын талаптарды орындамау заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болуы мүмкін.
Осындай жағдайлардың алдын алу үшін ата-аналардан баласының мектеп формасы мен сыртқы келбетіне күнделікті бақылау жасауды сұраймыз.Құрметті ата-аналар!
Бірлескен жауапкершілік – мектептегі тәртіп пен мәдениеттің негізі.
Мектеп формасы – оқушының ұқыптылығы мен мектеп мәдениетінің көрінісі!

мектеп4

мектеп3

 

3
Қыркүйек
2026

Биылғы оқу жылында «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға мемлекет тарапынан және демеушілердің қолдауымен кешенді көмек көрсетілді.
Мемлекет тарапынан 35 отбасының 81 оқушысына мектепке қажетті оқу құралдарын алуға қаржылай көмек көрсетілді. Әр балаға 62 534 теңгеден, жалпы 5 065 254 теңге көлемінде қаражат бөлінді. Аталған мемлекеттік қолдау оқушыларды жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, ата-аналарға үлкен қолдау болды.
Акция аясында аудандық «Нұрана» қоғамдық бірлестігінің аналары мен бірлестік төрайымы А.С. Смаилова да игі бастамадан шет қалмай, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға өз көмектерін көрсетті.
Сонымен қатар, көші-қон бағдарламасымен келген 11 оқушыға облыстық мәслихат депутаты В.В. Соломкин тарапынан қаржылай және материалдық көмек көрсетілді.«Дархан» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері де қайырымдылық шарасына белсенді атсалысып, балаларға қажетті заттармен қамтамасыз етуге өз үлестерін қосты.
Жеке кәсіпкерлер «Айткулова», «Қарашаш», «Ерматов», «Шоев» өз қаражаттары есебінен оқушыларға мектепке қажетті кеңсе тауарлары мен киім-кешектер алып беріп, балаларға қуаныш сыйлады.

мектеп2

14
Тамыз
2026

“Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі қазақтың бойтұмары” деген ұранды ту еткен жас ұрпақпен
Абай Құнанбайұлының онкүндігіне орай “Абай жолы - ұрпаққа өнеге” атты дөңгелек үстел өтті. Халқына «Адам болам десеңіз...», бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болу керектігін айтып кеткен ұлы ғұламаның әр сөзі әлі күнге дейін өміршеңдігін жоғалтқан жоқ.
Шара барысында оқушылар ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқып, әндерін шырқап, “Абай жолы” романы жөнінде от талдауларды тыңдап, Абай әлеміне терең бойлады. Абайдың асыл мұрасы - мәңгілік!

https://www.instagram.com/reel/Db2YxbauoMx/?igsh=MW03dDZoeG94b2Q3dA==

© 2026. Все права защищены.