ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
11
Наурыз
2026

Мектебімізде өтілген іс-шаралардың қортындысы.

https://www.instagram.com/reel/DVP0C2XCNP_/?igsh=MTFoMnhrY3NoNXNycA==

11
Наурыз
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, «Ұлттық stуle» жобасы аясында мектебіміздің оқушылары ерекше шығармашылық жұмыс жасап, өз қолдарымен телефондарына арналған этно-брелоктар дайындады.
Бұл жоба арқылы оқушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қазақы ою-өрнек элементтерін заманауи стильмен үйлестіре білді. Әрбір брелок – ұлттық нақыш пен жасампаз қиялдың үйлесімі.
Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында ұлттық мәдениетке деген құрметті арттыру, эстетикалық талғамын қалыптастыру және қолөнерге қызығушылығын дамыту.
Ұлттық рухты ұлықтайтын осындай бастамалар жалғасын таба берсін!

https://www.instagram.com/reel/DVOA0gXCCTV/?igsh=MTd6Z3dkZ2RqdDlseQ==

11
Наурыз
2026

Мектебімізде қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты тәрбие сағаттары 1–11 сыныптар аралығында кең көлемде өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға Жамбыл шығармашылығын насихаттау, ақынның өмір жолы мен ел тарихындағы орнын таныту, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен рухани құндылықтарды сіңіру.

бжбж1 

https://www.instagram.com/p/DVJiktmCD4k/?igsh=MXU5YnBkZ3VqYjBmZg==

11
Наурыз
2026

5 және 10-сынып оқушылары Болатжан Меруерт пен Жұмажан Жангелді “Абай және мен” челленджіне қатысып, Абайдың қарасөздері туралы ой тағылымдарымен бөлісті.

Алтыншы қара сөздің астарында “Егер адамдықтан азып, кісілік қасиеттен жұрдай болсаң, сенің қай жерің адам? Қалай адам болып өмір сүрмексің?” деген сұрақтар жатады. Оны түзетуге итермелейді, оны болдырмауға шақырады. Өз кемшілігін адамға білдіреді. Кемшілігін білген адамның ақылды адам екенін айтады.

Абайдың 15-қара сөзі - адамның ішкі дүниесі, орынсыз күлкі, мақтаншақтық және жастық шақтағы қайратты пайдалану туралы терең ой толғау. Абай қайғыдан арылуды орынсыз күлкіден емес, орынды әрекеттен, ғылым мен еңбектен іздеу керектігін айтып, бос өмір сүрмеуге, өнер үйренуге шақырады.

Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі - қазақтың бойтұмары!

https://www.instagram.com/reel/DU-uWxmCBNO/?igsh=MWZ2ejBmanp5NHpycQ==

11
Наурыз
2026

Мектебімізде “Абай Құнанбайұлының өлеңдеріндегі адамгершілік сабақтары» атты челлендж ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар Абай Құнанбайұлы шығармашылығынан бір өлеңді таңдап, мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, өлең мазмұнын талдап, одан алынған тәрбиелік мәні зор адамгершілік қағидаларды насихаттап, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Челлендждің мақсаты – оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарды түсінуін тереңдету, ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және көркем сөз оқу мәдениетін дамыту.

https://www.instagram.com/p/DU-v0nxiA3u/?igsh=d2hhMDZhazA5eHFm

11
Наурыз
2026

Мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары ұлттық киімді жаңғырту және дәріптеу мақсатында жұма күні ұлттық киім кию дәстүрін әрдайым ұстанып келеді. Бұл игі бастама – ата-бабамыздан мұра болып қалған асыл қазынаны қадірлеудің, ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың жарқын көрінісі.

Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетін, болмысы мен дүниетанымын айқындайтын ерекше мұра. Осындай тағылымды шаралар арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық рух, отансүйгіштік сезім және дәстүрге деген құрмет қалыптасады.

Ұлттық құндылықтарымызды бірге дәріптейік!

https://www.instagram.com/reel/DU-jCQ2CKuh/?igsh=dWhhN2tqdWkwN213

11
Наурыз
2026

Мектебімізде «Экрандағы таңдау» атты челлендж ұйымдастырылды. Шара барысында Абай Құнанбайұлының “Адам бол” қағидасына сай мінез-құлық Split-screen форматында қысқа бейнежазба түрінде түсірілді.Тәрбиелік мәні зор адамгершілік қағидалар насихатталды.

Челлендждің мақсаты – оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарды түсінуін тереңдету, ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және оқушыға дұрыс таңдау жасаудың маңызын түсіндіру.

https://www.instagram.com/reel/DU5akNXiFxU/?igsh=MThyd2h0MWxlMTZmbA==

11
Наурыз
2026

2026 жылғы 16 ақпанда мектептің барлық сыныптарында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында дайындалған бейнероликтер тәрбие сағаттарында көрсетіліп, мазмұны жан-жақты түсіндірілді.
Тәрбие жұмысы барысында өмірден алынған бірнеше бейнероликтер мүмкіндігінше көбірек қамтылып көрсетілді. Бұл материалдар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және болашақта түрлі зиянды әрекеттер мен теріс әдеттерге әуестеніп кетуінің алдын алуға бағытталды.
Атап айтқанда, бейнероликтерде лудомания (құмар ойындарға тәуелділік), дропперлік әрекеттер, қаржылық пирамида, интернет-алаяқтық сияқты өзекті мәселелер кеңінен түсіндірілді. Оқушыларға аталған құқықбұзушылық түрлерінің салдары, заң алдындағы жауапкершілігі және сақтану жолдары туралы нақты ақпарат берілді.
Тәрбие сағаттарының мақсаты – оқушыларды заңды құрметтеуге, қаржылық және цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, саналы әрі жауапты азамат болуға тәрбиелеу.

https://www.instagram.com/p/DU1xAXXCBIh/?igsh=dzgzaGJtdWdmeXN6

© 2026. Все права защищены.