Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру «Жаншуақ» лагері оқушыларымен «Өнерім саған, елім!» атты шығармашылық шара ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру және туған елге деген сүйіспеншілік сезімдерін нығайту. Іс-шара барысында балалар ән айтып, би билеп, өлең оқып, өздерінің қолөнер жұмыстарын таныстырды. Сонымен қатар патриоттық тақырыптағы көркем шығармалар орындалып, қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды.
Шығармашылық кеш жоғары деңгейде өтіп, оқушылар белсенділік танытты. Шара соңында ерекше өнер көрсеткен қатысушылар марапатталып, балалар көтеріңкі көңіл күймен тарқасты. «Өнерім саған, елім!» атты шара жас өнерпаздардың талантын шыңдап, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал етті.
https://www.instagram.com/reel/DZpT-gQoe7w/?igsh=cXp5aDMxeHg4dG85




