ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
22
Қыркүйек
2026

саған көмек керекпе

14
Қыркүйек
2026

2026 жылғы 11 қыркүйекте «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 8–11 сынып оқушылары арасында «Заң және Тәртіп» идеологиясын насихаттау мақсатында мини-сериал көрсетілді.
Іс-шара барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, өз құқықтары мен міндеттерін білу және кез келген заңсыз әрекетке жол бермеу туралы маңызды ақпараттар ұсынылды.
Мини-сериал жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтуға бағытталды.
Заңды білу – өз құқығыңды қорғау.
Заңды сақтау – әр азаматтың міндеті!

https://www.instagram.com/reel/DdI9-25Ozll/?stkn=MXdmYTNjN21oNm9oeg==

3
Қыркүйек
2026

Мектебімізде «111» байланыс орталығының QR-кодтары оқушыларға қолжетімді әрі көрінетін орындарға орналастырылды:
📍 дәліздерде;
📍 дәретханаларда;
📍 асханада;
📍 мәжіліс залында;
📍 кіреберіс аймақта;
📍 спорт залында;
📍 киім ауыстыратын бөлме маңында.
QR-код арқылы әр бала өз құқықтарының бұзылуы, буллинг, зорлық-зомбылық немесе басқа да қиын жағдайлар туралы құпия түрде хабарлай алады.
2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру аясында «111» байланыс орталығы балалардың құқықтарын қорғауға, дағдарыстық жағдайларға жедел ден қоюға және балаларға қажетті көмек көрсетуге бағытталған.
Қиындыққа тап болсаң — үнсіз қалма!
Өзіңнің немесе досыңның қауіпсіздігіне алаңдасаң, «111» арқылы көмек сұра.
Әр бала қауіпсіз ортада білім алуға және өз құқығының қорғалуына құқылы!

мектеп10

 

3
Қыркүйек
2026

Павлодар станциясындағы Көліктегі полиция бөлімі қала тұрғындары мен қонақтарына теміржол көлігі нысандарында жарақаттану мен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған, көлік полицейлері қызмет көрсету учаскесінде бақылауды күшейтіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді және ақпараттық парақшалар таратады.
ТЕМІРЖОЛ АРҚЫЛЫ ӨТУ ҚАҒИДАЛАРЫН ҚАТАҢ САҚТАҢЫЗ!
Темиржол — қауіптілігі жоғары аймақ. Қағидаларды елемеу өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін!
1. Жолды тек белгіленген жерлерден өтіңіз: жаяу жүргіншілер көпірлерін, тоннельдерді және арнайы белгілермен белгіленген жерүсті өтпелерін пайдаланыңыз.
2. Өтер алдында жақындап келе жатқан пойыздың жоқтығына көз жеткізіңіз: екі жағыңызға мұқият қараңыз.
3. Бағдаршамның тыйым салатын сигналы немесе өткел сигнализациясының дыбыстық сигналы кезінде, тіпті шлагбаум ашық болса да, жолдан өтпеңіз.
4. Үзілді-кесілді тыйым салынады:
• Теміржол жолдары арқылы белгіленбеген жерлерден өтуге (вагон астымен, тіркемелер арқылы өту, қоршаулардан секіру);
• Пойыз толық тоқтағанға дейін платформадағы шектеу сызығынан асып кетуге;
• Жолдан өту кезінде құлаққаппен музыка тыңдауға немесе ұялы телефонға алаңдауға;
• Темиржол табанында фотосессия (селфи) жасауға.
Құрметті азаматтар, сақ болыңыздар! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! Сіздің қауіпсіздігіңіз — өз қолыңызда.
Павлодар станциясындағы Көліктегі полиция бөлімі.

https://www.instagram.com/p/DcsqrqfDn9X/?igsi=eDlnYmc1aGZ4bnBk

4
Маусым
2026

Жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуларыңызды сұраймыз!
Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Судағы қауіпсіздік:
• Балаларды су айдындарына ересектердің қарауынсыз жібермеңіздер;
• Тек рұқсат етілген, қауіпсіз жерлерде ғана шомылуына рұқсат беріңіздер;
• Суда ойнау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалаңыздар.
Жолдағы қауіпсіздік:
• Балаларға жол қозғалысы ережелерін үнемі ескертіп отырыңыздар;
• Жолдан тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өту керектігін түсіндіріңіздер;
• Велосипед, самокат тепкенде абай болуын қадағалаңыздар.
Орманда және табиғат аясында:
• Балаларды үлкендердің қарауынсыз орманға жібермеңіздер;
• Отпен ойнаудың қауіпті екенін түсіндіріңіздер;
• Белгісіз өсімдіктер мен саңырауқұлақтарды ұстамауға, жемеуге үйретіңіздер.
Балалар жарақатының алдын алу:
• Үйдегі қауіпті заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыздар;
• Электр құралдары мен өткір заттарды қараусыз қалдырмаңыздар;
• Балалардың ойын кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылаңыздар.
Терезеден құлаудың алдын алу:
• Балаларды ашық терезе жанында қараусыз қалдырмаңыздар;
• Терезеге арнайы қорғаныш құралдарын орнатыңыздар;
• Терезе алдына бала шығып кететін жиһаздарды қоймаңыздар.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау – бала өмірінің кепілі! Балаларымыздың амандығы үшін бірге жауаптымыз!

сас4

https://www.instagram.com/p/DZE9cxbOvwf/?igsh=a29sMzk3ZWplZXFl

19
Мамыр
2026

2026 жылғы 18 мамырда «Заң және тәртіп» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында оқушыларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, судағы қауіпсіздік шаралары, өрт қауіпсіздігі, биіктіктен құлаудың алдын алу тақырыптарында арнайы бейнероликтер көрсетілді.
Сонымен қатар оқушыларға велосипед пен самокат тебу кезіндегі қауіпсіздік ережелері жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, жол қозғалысы ережелерін сақтау, арнайы қорғаныш құралдарын (шлем, тізелік, шынтаққап) пайдалану, көлік жүретін жолдарға шықпау, бағдаршам мен жаяу жүргінші белгілеріне назар аудару қажеттігі айтылды.
Түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің рұқсатынсыз көшеде жүрмеу, кешкі мезгілде жалғыз шықпау, қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде ескертілді. Егер оқушылар жазғы лагерьге баратын болса, лагерьдің ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтау, тәрбиешілер мен жетекшілердің нұсқауларын орындау қажеттігі түсіндірілді.
Сондай-ақ бөгде адамдардан ешқандай зат алмау, олардың ұсынған сыйлықтарына сенбеу, бейтаныс адамдармен сөйлеспеу және олармен бірге ешқайда еріп кетпеу туралы қауіпсіздік шаралары ескертілді.

https://www.instagram.com/reel/DYegJkfo2aK/?igsh=MXZ4Z2RiOGt6bnkwZQ==

3
Сәуір
2026

🚒 Шарбақты ауданы ТЖБ қызметкерлері Абай атындағы негізгі орта мектептің қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі бойынша оқу сабағын өткізді.
Сабақ барысында өрт туындаған жағдайда іс-әрекет ету ережелері түсіндіріліп, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану тәртібі көрсетілді.
Қызметкерлерге өрт сөндіргішті дұрыс пайдалану жолдары практикалық түрде көрсетіліп, оны іске қосу, дұрыс бағыттау және өртті бастапқы кезеңде сөндіру тәсілдері үйретілді.
Мұндай шаралар төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
🔥 Қауіпсіздік – баршамыздың ортақ міндетіміз!

https://www.instagram.com/reel/DWophYwDP4e/?igsh=MTE4ZzdtYzdtZ3VuMw==

© 2026. Все права защищены.