ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

2026 жылғы 18 мамырда «Заң және тәртіп» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында оқушыларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, судағы қауіпсіздік шаралары, өрт қауіпсіздігі, биіктіктен құлаудың алдын алу тақырыптарында арнайы бейнероликтер көрсетілді.
Сонымен қатар оқушыларға велосипед пен самокат тебу кезіндегі қауіпсіздік ережелері жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, жол қозғалысы ережелерін сақтау, арнайы қорғаныш құралдарын (шлем, тізелік, шынтаққап) пайдалану, көлік жүретін жолдарға шықпау, бағдаршам мен жаяу жүргінші белгілеріне назар аудару қажеттігі айтылды.
Түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің рұқсатынсыз көшеде жүрмеу, кешкі мезгілде жалғыз шықпау, қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде ескертілді. Егер оқушылар жазғы лагерьге баратын болса, лагерьдің ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтау, тәрбиешілер мен жетекшілердің нұсқауларын орындау қажеттігі түсіндірілді.
Сондай-ақ бөгде адамдардан ешқандай зат алмау, олардың ұсынған сыйлықтарына сенбеу, бейтаныс адамдармен сөйлеспеу және олармен бірге ешқайда еріп кетпеу туралы қауіпсіздік шаралары ескертілді.

https://www.instagram.com/reel/DYegJkfo2aK/?igsh=MXZ4Z2RiOGt6bnkwZQ==

© 2026. Все права защищены.