2026 жылғы 30 наурызда «Заң мен тәртіп» бағыты бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес ата-аналар жиналысында полиция қызметкері Аязбаева Д.Қ. ата-аналарға «Бала мен заң» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
Жиналыс барысында балалардың қауіпсіздігіне байланысты маңызды мәселелер кеңінен қарастырылды. Алда жаз мезгілінің жақындауына байланысты велосипед, самокат тебу кезінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ата-аналарға ерекше ескертілді. Сонымен қатар мопед, электрлі велосипед, мотоцикл құралдарын кәмелетке толмаған балалардың басқаруына жол берілмейтіні, олардың өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретіні түсіндірілді.
Бұдан бөлек, балалардың бос тұрған немесе қараусыз ғимараттарға кіруіне тыйым салу қажеттігі, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңда белгіленген уақыттан кейін көшеде жүруіне жол бермеу мәселелері қозғалды. Сондай-ақ буллингтің алдын алу, оның салдары туралы, интернет-алаяқтықтың бір түрі – дропперлік әрекеттердің қауіптілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қосымша ретінде құқық бұзушылықтың салдары мен жауапкершілігі туралы нақты мысалдар келтіріліп, Серебрянск қаласындағы түзеу мекемесі туралы ақпарат берілді.
Жиналыс барысында ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар мен ескертулер айтылды.
https://www.instagram.com/reel/DWi0eRZCBWS/?igsh=MTVoenUxZmxncnE2NA==




