🚒 Шарбақты ауданы ТЖБ қызметкерлері Абай атындағы негізгі орта мектептің қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі бойынша оқу сабағын өткізді.
Сабақ барысында өрт туындаған жағдайда іс-әрекет ету ережелері түсіндіріліп, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану тәртібі көрсетілді.
Қызметкерлерге өрт сөндіргішті дұрыс пайдалану жолдары практикалық түрде көрсетіліп, оны іске қосу, дұрыс бағыттау және өртті бастапқы кезеңде сөндіру тәсілдері үйретілді.
Мұндай шаралар төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
🔥 Қауіпсіздік – баршамыздың ортақ міндетіміз!
https://www.instagram.com/reel/DWophYwDP4e/?igsh=MTE4ZzdtYzdtZ3VuMw==




