ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
21
Қараша
2025

Ағымдағы жылдың 17 қарашасында мектебімізде барлық сыныптарда “Буллингке жол берме” тақырыбында тәрбие сағаты және қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Бұл шараның негізгі мақсаты — оқушылардың өзара қарым-қатынаста мәдениетті болуын қалыптастыру, буллингтің кез келген түріне жол бермеу, сондай-ақ балалардың мектепте, үйде және интернет кеңістігінде өзін қауіпсіз сезінуіне ықпал ету.

Тәрбие сағаттары барысында мұғалімдер оқушыларға:
• буллингтің қандай түрлері болатынын;
• жанжалдың алдын алу жолдарын;
• бір-біріне қолдау көрсетудің маңызын;
• кибербуллингтен қорғану тәсілдерін;
• жеке қауіпсіздік және жауапкершілік ережелерін түсіндірді.

https://www.instagram.com/p/DRJ8f0diBJF/?igsh=YjFnZGx4Z3FubzVm

15
Қараша
2025

2025 жылғы 7 қарашада «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектембімізде 9–11-сынып оқушылары арасында мобильді телефон арқылы анонимді сауалнама өткізілді.
Сауалнаманың негізгі міндеті – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ оқу орындарында құқыққа қарсы іс-әрекеттердің салдары туралы оқушылардың түсінігін қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты – балалардың мектепте және үйде өздерін қауіпсіз әрі жайлы сезіну деңгейін анықтау, сондай-ақ буллинг (қорлау, мазақ ету) жағдайларының алдын алу бойынша мәліметтер жинау.

Сауалнамаға жауапты: Смаилова А.С.

https://www.instagram.com/reel/DQ_1xUoiJXV/?igsh=MWI5aWt0YnkwMjFsNQ==

4
Қараша
2025

2025 жылғы 3 қараша күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында барлық сыныптарда «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында қауіпсіздікке бағытталған тәрбие сағаттары өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың адалдық, еңбексүйгіштік, жауапкершілік қасиеттерін дамыту, сонымен қатар өз өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болды.
Сабақтар барысында оқушылар жасанды интеллект мүмкіндіктері, үйдегі және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік шаралары, әлеуметтік желідегі қауіпті ойындардан сақтану жолдары, денсаулықты сақтайтын пайдалы әдеттер, халықаралық көмекке шақыру белгілері, қиын жағдайдағы достық пен жанжалда достарға қауіпсіз көмек көрсету тәсілдері, күмәнді келісімдерден аулақ болу және зорлық-зомбылықтан қорғану тақырыптары бойынша пікір алмасып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. 

жи1 жи2 

жи3 жи4 жи5

4
Қараша
2025

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, күзгі каникул кезіндес оқушылардың бос уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізу мақсатында сынып оқушыларымен қауіпсіздік техникасы жайында әңгімелесу өткізілді. Іс-шараға Шарбақты ауданының полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Аязбаева Д.К. және әлеуметтік педагог Садвакасова Ж.Е. қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға көшеде, жолда, үйде және қоғамдық орындарда қауіпсіздік ережелерін сақтау, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде абай болу, интернеттегі қауіпсіздік мәселелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда қайда және кімге жүгіну керектігі туралы ақпарат берілді.
Іс-шара оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және олардың жауапкершілігін арттыруға бағытталды.

рес10

3
Қараша
2025


Қазіргі заманда әрбір баланың өмірі интернетпен тығыз байланысты. Онлайн оқу, ойын, араласу – бәрі де цифрлық әлемде өтеді. Сол себепті ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру – әрқайсымыздың міндетіміз.

✨ Цифрлық қауіпсіздік – бұл жеке деректеріңді қорғау, желіде әдепті болу және интернетті саналы пайдалану.
Біздің мақсат – оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, оларды қауіпсіз интернет қолдануға үйрету.

📱 Қарапайым ережелерді есте сақтайық:
1️⃣ Құпия сөздеріңді ешкімге айтпа.
2️⃣ Бейтаныс сілтемелер мен хабарламаларға сенбе.
3️⃣ Интернетте сыпайы, жауапты бол.
4️⃣ Әрқашан өзіңді және достарыңды қорға!

Саналы ұрпақ – қауіпсіз цифрлық қоғамның кепілі! 

қау

3
Қараша
2025

Бүгінгі цифрлы дәуірде интернет – білім мен дамудың кең алаңы. Алайда, оның ар жағында қауіп те бар екенін ұмытпауымыз керек.
Сондықтан әрбір оқушы, ата-ана және ұстаз цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға атсалысуы тиіс.

💡 Цифрлық қауіпсіздік – бұл тек пароль мен деректерді қорғау емес,
ол – әдептілік, жауапкершілік және саналы интернет қолдану мәдениеті.

✅ Есте сақтайық:
• Құпия сөздеріңізді ешкіммен бөліспеңіз;
• Бейтаныс адамдармен желіде сөйлескенде сақ болыңыз;
• Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
• Интернетте өз абыройыңызды қорғаңыз!

Біздің мақсат – оқушыларымыздың цифрлық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз интернет кеңістігін қалыптастыру.
Өйткені, саналы ұрпақ – қауіпсіз болашақтың кепілі! 

https://www.instagram.com/reel/DP4ITP4iM2j/?igsh=MWI4ZXNrb21rMnEwZg==

 

17
Қыркүйек
2025

Бүгінгі сынып сағатында екі маңызды тақырып қамтылды:

Алдымен 10 минуттық қауіпсіздік сағаты – «Буллингтен қорған» өтті. Балаларға бір-бірін құрметтеу, досқа қолдау көрсету және буллингтің алдын алу жолдары түсіндірілді.

Одан кейін тәрбие сағаты – «Менің анам – менің кейіпкерім». Оқушылар аналарына деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, отбасы құндылықтары жайлы ой бөлісті.

Мұндай сабақтар оқушылардың мейірімді, жауапты әрі қауіпсіз ортада өсуіне ықпал етеді.

https://www.instagram.com/p/DOoGMh2CLxe/?igsh=MTB6cjY0b2Y3dml3bg==

17
Қыркүйек
2025

Оқушылардың жол жүру ережесі – бұл балалардың көшеде, мектепке барарда немесе үйге қайтарда қауіпсіз жүріп-тұруын қамтамасыз ететін міндетті тәртіптер мен нұсқаулар жиынтығы. Ол жолда жүру, бағдаршамға бағыну, жаяу жүргінші өткелін пайдалану, көліктен сақтану сияқты ережелерді қамтиды. Мұндай ережелер оқушылардың өмірін қорғап, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі.
Жол қауісіздігі ережесімен таныструшылар 2"А" және 2"Б" сынып оқушылары.

https://www.instagram.com/reel/DOoYio6E1vl/?igsh=MXFhNnYwcDZpbnVxdQ==

© 2026. Все права защищены.