2025 жылғы 17 желтоқсанда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 8–11 сынып оқушылары арасында «Діни экстремизмнің алдын алу – қоғам қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбында ақпараттық сабақ ұйымдастырылды.
Сабақ барысында аудандық саясат және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Әділ Райынбек оқушыларға дін экстремизмінің қаупі, оның жеке тұлғаға және қоғамға тигізетін зияны туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар, бейбітшілік пен түсіністікке негізделген әдістер арқылы жастардың радикалды идеологияға қарсы тұру жолдары түсіндірілді.
Сабақ соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Сабақтың мақсаты – жасөспірімдер арасында дін экстремизмінің алдын алу және бейбітшілік, толеранттылық құндылықтарын насихаттау.
https://www.instagram.com/reel/DSXq7pJE0Ai/?igsh=MTNqNGszMWJ3eDFxeg==




