Мектебімізде «111» байланыс орталығының QR-кодтары оқушыларға қолжетімді әрі көрінетін орындарға орналастырылды:
📍 дәліздерде;
📍 дәретханаларда;
📍 асханада;
📍 мәжіліс залында;
📍 кіреберіс аймақта;
📍 спорт залында;
📍 киім ауыстыратын бөлме маңында.
QR-код арқылы әр бала өз құқықтарының бұзылуы, буллинг, зорлық-зомбылық немесе басқа да қиын жағдайлар туралы құпия түрде хабарлай алады.
2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру аясында «111» байланыс орталығы балалардың құқықтарын қорғауға, дағдарыстық жағдайларға жедел ден қоюға және балаларға қажетті көмек көрсетуге бағытталған.
Қиындыққа тап болсаң — үнсіз қалма!
Өзіңнің немесе досыңның қауіпсіздігіне алаңдасаң, «111» арқылы көмек сұра.
Әр бала қауіпсіз ортада білім алуға және өз құқығының қорғалуына құқылы!





