Жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуларыңызды сұраймыз!
Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Судағы қауіпсіздік:
• Балаларды су айдындарына ересектердің қарауынсыз жібермеңіздер;
• Тек рұқсат етілген, қауіпсіз жерлерде ғана шомылуына рұқсат беріңіздер;
• Суда ойнау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалаңыздар.
Жолдағы қауіпсіздік:
• Балаларға жол қозғалысы ережелерін үнемі ескертіп отырыңыздар;
• Жолдан тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өту керектігін түсіндіріңіздер;
• Велосипед, самокат тепкенде абай болуын қадағалаңыздар.
Орманда және табиғат аясында:
• Балаларды үлкендердің қарауынсыз орманға жібермеңіздер;
• Отпен ойнаудың қауіпті екенін түсіндіріңіздер;
• Белгісіз өсімдіктер мен саңырауқұлақтарды ұстамауға, жемеуге үйретіңіздер.
Балалар жарақатының алдын алу:
• Үйдегі қауіпті заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыздар;
• Электр құралдары мен өткір заттарды қараусыз қалдырмаңыздар;
• Балалардың ойын кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылаңыздар.
Терезеден құлаудың алдын алу:
• Балаларды ашық терезе жанында қараусыз қалдырмаңыздар;
• Терезеге арнайы қорғаныш құралдарын орнатыңыздар;
• Терезе алдына бала шығып кететін жиһаздарды қоймаңыздар.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау – бала өмірінің кепілі! Балаларымыздың амандығы үшін бірге жауаптымыз!

https://www.instagram.com/p/DZE9cxbOvwf/?igsh=a29sMzk3ZWplZXFl




