ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
10
Наурыз
2026

2026 жылғы 28 қаңтарда «Заң және тәртіп» айлығының жоспарын орындау мақсатында 2 А, 2 б және 3 Б сынып оқушылары арасында командалық эстафета өтті.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға заң талаптарын құрметтеуді, тәртіп сақтаудың маңызын түсіндіру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау, ұйымшылдық пен командалық рухты қалыптастыру болды.
Эстафета барысында оқушылар белсенділік танытып, ептілік, жылдамдық және бір-біріне қолдау көрсету арқылы тапсырмаларды сәтті орындады. Жарыс қызықты әрі тартысты жағдайда өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер сыйлады.

https://www.instagram.com/reel/DUDEF_7CMB8/?igsh=N2ZnNXUyeTdtcm40

10
Наурыз
2026

«Заң және тәртіп» айлығы аясында 3 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен «Мен тәртіпті оқушымын» тақырыбында қысқа бейнематериал дайындалды. Бейнематериалда оқушылар тәртіп сақтау, мектеп ережелерін орындау және жауапкершілік туралы өз ойларын білдірді. Бұл жұмыс оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, тәртіпке баулуға және саналы азамат болып тәрбиеленуіне бағытталды.

https://www.instagram.com/reel/DUAyRVPCG8z/?igsh=dWZjb2xnOGRlbmVj

10
Наурыз
2026

Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында 1–11 сынып оқушыларына арналған тәрбие сағаттары өткізілді. Бастауыш сыныптарда «Мен өз құқығымды білемін», ал орта буын сыныптарында «Заңды білу – өз құқығыңды қорғау» тақырыптары қамтылды.
Тәрбие сағаттарының мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге және заңды құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар белсенді қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

ЮББ

10
Наурыз
2026

2026 жылғы 26 қаңтарда «Заң және тәртіп» айлығы аясында 5 «Б» сынып оқушылары «Заң туралы көзқарас» тақырыбында видеоролик жасап, өз пікірлерімен бөлісті. Бұл іс-шараның мақсаты – оқушылардың заңға деген түсінігін қалыптастыру және құқықтық мәдениетті дамыту.

https://www.instagram.com/reel/DT-af3bCJDs/?igsh=aWZzcHRvZGF6NGFk

10
Наурыз
2026

2026 жылғы 23 қаңтарда оқушылар арасында «Біз және қаржылық жауапкершілік» тақырыбы бойынша ойын өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға қаржылық сауаттылықты, ақшаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру және командалық жұмысқа үйрету.
Ойын барысында оқушылар түрлі қаржылық жағдайларды талқылап, шешім қабылдау арқылы тәжірибе жинады. Іс-шараға қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларын ашық жеткізді.

ЮБЮБ

10
Наурыз
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Ұрпақ үні» жобасы бастау алды. Осы жоба шеңберінде 6-сынып оқушылары «Сен жеті атаңды білесің бе?» атты челленджді бастап, эстафетаны 7-сынып оқушыларына жолдады.

https://www.instagram.com/reel/DT2OCOjCCLb/?igsh=MWE3a2pkajRqeHg1NQ==

10
Наурыз
2026

Ұлттық құндылық – ұрпақ тәрбиесінің негізі!
2026 жылғы 23 қаңтарда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 7-сынып оқушыларымен «Ұлттық style» жобасы бойынша шығармашылық сабақ ұйымдастырылды.
Сабақ барысында оқушылар тұлпар бейнесі бейнеленген ұлттық ою-өрнек үлгісінде брошь жасап, ұлттық өнердің мән-мағынасына терең бойлады.
Аталған сабақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырды.
Ұлттық тәрбие – жарқын болашақ кепілі!

https://www.instagram.com/reel/DT2A-XXiJQ_/?igsh=aTFieGt5OWx2ZGsx

10
Наурыз
2026

 2026 жылғы 21 қаңтарда
«Заң және тәртіп» республикалық айлығының жоспарын іске асыру мақсатында 10-сынып оқушыларымен
«Заңның 30 секунды» челленджі ұйымдастырылды.
Аталған челлендж гимназия сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебінен қабылданып,
эстафета ретінде №3 жалпы орта білім беру мектебіне жолданды. Челлендж барысында оқушылар заңның маңызын, тәртіп пен жауапкершіліктің қоғамдағы рөлін қысқа әрі мазмұнды форматта жеткізді.
Бұл бастама жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған.
Заңды білу – тәртіптің бастауы,
тәртіп – табыстың кепілі!

https://www.instagram.com/reel/DTxLDUKiE9R/?igsh=OXN4cGZzZzVzZDh0

© 2026. Все права защищены.