2026 жылғы 22 мамыр күні мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Жұлдыздар шеруі» атты салтанатты марапаттау кеші өтті.
Мерекелік кеш барысында жыл бойы аудандық, облыстық, республикалық және мектепішілік деңгейде жоғары жетістіктерге жеткен, оқу, спорт және тәрбие бағытында үздік нәтиже көрсеткен оқушыларымыз марапатталды. Сонымен қатар, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысып, түрлі мәдени-көпшілік және мектепішілік іс-шараларда белсенділік танытқан оқушыларға ерекше құрмет көрсетілді.
Жас жеткіншектеріміздің әрбір жетістігі — тынымсыз еңбек пен табандылықтың, білімге деген құштарлық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі. Білім мен өнерде, спорт пен қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүрген шәкірттеріміз — мектебіміздің мақтанышы, болашағымыздың жарқын үміті!
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Жұлдыздарыңыз әрдайым жарқырап, алар асуларыңыз биік болсын!
https://www.instagram.com/reel/DYuT9dgon9c/?igsh=MWRkZjF1dmlzNW83cw==




