ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
4
Қараша
2025

Әрбір аптаның дүйсенбі күні мектеп оқушыларымен дәстүрлі апталық саптық жиыны өткізіледі.
Саптық жиынның негізгі мақсаты – өткен аптадағы оқушылардың тәртібі мен үлгерімін қорытындылап, жаңа аптаға жақсы көңіл күймен және жауапкершілікпен кірісу.
Саптық жиын барысында төмендегі бағыттар бойынша профилактикалық және тәрбиелік жұмыстар жүргізіледі:
Оқушылардың тәртіп сақтау деңгейі, сабаққа қатысуы және кешікпеу мәселелері талқыланады;
Мектеп формасын сақтау, жеке бас тазалығы және ұқыптылық туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі;
Мектеп мүлкін күтіп ұстау, сыныптар мен ауладағы тазалық пен тәртіпті сақтау ескертіледі;
Апта бойында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мен сыныптар марапатталады, жақсы үлгі ретінде таныстырылады;
Алдағы аптаның жоспарлы іс-шаралары мен мерекелік, танымдық, спорттық жұмыстар туралы ақпарат беріледі.

Мұндай саптық жиында оқушылардың жауапкершілігін арттыруға, тәртіп пен ұйымшылдықты қалыптастыруға, сондай-ақ мектеп ұжымында ынтымақтастық пен рухани бірлікті нығайтуға бағытталған.

рес11

 

4
Қараша
2025

Күзгі каникул кезінде оқушылар мектепке келіп, тоғызқұмалақ және шахмат ойындарын ойнады. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 

рес9

4
Қараша
2025

25 қазан – Республика күні!
Осы мерекеге орай мектебімізде “Елімнің еркіндігі – менің мақтанышым” атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушыларымыз еліміздің тарихы, рәміздері мен тәуелсіздік жолындағы жетістіктері туралы ой бөлісіп, өнерлерін көрсетті. 🇰🇿
Болашағы жарқын Қазақстанымыз аман болсын! 

https://www.instagram.com/p/DQBrRddiPai/?igsh=MWVoN2ZzaThoZXVwYw== 

Республика күнімен! 🇰🇿
Еліміздің Тәуелсіздік жолындағы ең маңызды белестерінің бірі – Республика күні!
Бұл күн — халқымыздың өз мемлекеттілігін жаңғыртып, ел тағдырын өз қолына алған тарихи сәтін еске салатын ұлы мереке.
Біздің мектепте осы атаулы күнге арналған тәрбие сағаты өтті.
Оқушылар Республика ұғымының мәнін түсініп, елге деген сүйіспеншілігін өлеңмен, әнмен, сахналық көріністермен жеткізді. 

рес1 рес2 рес3 

рес4 рес5 рес6

3
Қараша
2025

Ағымдағы жылдың қазан айының он тоғызы күні мектебімізде «Өзін-өзі басқару ұйымы» мүшелерін сайлау өтті. Сайлауға мектептің барлық оқушылары белсенді түрде қатысып, өздерінің таңдауларын жасады.

Сайлау барысында үміткерлер өз бағдарламаларымен таныстырып, оқушыларды мектеп өміріне белсенді араласуға шақырды. Дауыс беру нәтижесі бойынша ең көп дауыс жинаған оқушылар төмендегідей лауазымдарға ие болды:
Мектеп президенті: 10 сынып оқушысы Тоқтамыс Алтынай сайланды.
Сайлау әділ әрі ашық түрде өтті. Барлық үміткерлер өз белсенділіктерін көрсетіп, оқушыларға жақсы үлгі болды.
Жаңа құрамдағы өзін-өзі басқару ұйымына табыс пен шығармашылық жетістіктер тілейміз!

https://www.instagram.com/reel/DP_3Pb2CMQm/?igsh=ZWJ5YXZxMDNsem1x

3
Қараша
2025

🗳 Мектеп президентіне сайлау басталды!
Кім біздің мектептің жаңа көшбасшысы болмақ?
Әділ таңдау жасап, өз даусыңды маңызды іске жұмса!

Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10 “А” сынып оқушысы Тоқтамыс Алтынай мектеп президентіне үміткер.

https://www.instagram.com/reel/DP5GwB2iLPj/?igsh=eW9kc3dodmkyMGVq

Мектеп президенті – оқушылардың дауысы, мектептің мақтанышы! 🏫

Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 7 сынып оқушысы Жаров Ералы мектеп президентіне өз кандидатурасын ұсынып, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Жаров Ералы мектеп өмірін жақсартуға бағытталған идеялар мен бастамалары жайлы хабарлады. 

https://www.instagram.com/reel/DP4IpbViDbi/?igsh=YzdvY2d1Z2F6eDRm 

Әр дауыс маңызды!
Мектеп президентіне сайлау — бұл сенім, жауапкершілік және болашаққа бағытталған қадам.
Бүгінгі таңда өз таңдауыңды жасап, мектебіңнің ертеңіне үлес қос!

Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8 “А” сынып оқушысы Баймухамбет Ақниет мектеп президентіне үміткер  

https://www.instagram.com/reel/DP5HVi2iBDu/?igsh=MTRrOTFheWJ4bXpvaw==

 

3
Қараша
2025

Алтын күздің әсем бояуларға толы сәтінде мектебімізде дәстүрге айналған “Күз кереметі. Өнер мен би тоғысы” мерекелік кеші жоғары деңгейде өтті!
Бұл күн — тек табиғаттың ғана емес, жүректердің де жылылығын сездіретін ерекше мереке болды. Оқушыларымыз күздің әдемілігін би мен ән арқылы өрнектеп, өнерлерін паш етті.
Кеш барысында әр сынып өз өнерін көрсетіп, түрлі сәнді киім үлгілерін ұсынды. Алтын жапырақтардай жарқыраған жас таланттар көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Мерекелік кеш оқушылардың шығармашылығын дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға бағытталды.
Оқушыларымыздың жүзінен шаттық, бойынан шабыт, көңілінен жылулық сезілді.
Күзгі бал – бұл тек мереке емес, достықтың, бірліктің, сұлулық пен шабыттың тоғысқан сәті!
Мектебіміздің ұстаздары мен оқушыларының еңбегі мен белсенділігіне алғыс білдіреміз.
Күздің әр күні осындай қуаныш пен шаттыққа толы болсын! 

https://www.instagram.com/reel/DP3zE2KCPRl/?igsh=MWoxMWR2d29ueWdjdg==

3
Қараша
2025

2025 жылғы 16 қазан күні мектебімізде «Дәмді және пайдалы: дұрыс тамақтану ережесі» тақырыбында жалпы мектепішілік іс-шара өткізілді. Іс-шара Дүниежүзілік дұрыс тамақтану күніне орай ұйымдастырылды.
Шараға 5-8 сынып оқушылары белсене қатысып, дұрыс тамақтанудың маңызы туралы мазмұнды әрі қызықты ақпараттармен танысты.
Аталған тақырып аясында түсіндірме жұмыстарын Шарбақты ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Қойбағарова Гүлайна Бекенқызы және мектептің медбикесі Абишева Үміт Ахатовна жүргізді. Олар салауатты өмір салтының негізі – дұрыс әрі теңгерімді тамақтану екенін кеңінен түсіндіріп, оқушыларға пайдалы кеңестер ұсынды.
Іс-шара өте мазмұнды өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, белсенділік танытты. 

дұрыс

3
Қараша
2025

Үнемдеу – экологиялық мәдениеттің негізі тақырыбына 10 сынып оқушылары экологиялық бейнежазба түсіріп мектептің оқушыларын жарықты, суды үнемдеуге шақырды.
Мақсаты:
Оқушыларға табиғи ресурстарды ұқыпты пайдаланудың маңызын түсіндіру, экологиялық үнемдеу мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
Энергия, су, табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға баулу;
Оқушылардың экологиялық ой-санасын дамыту;
Мектеп, отбасы және қоғам арасындағы экологиялық ынтымақтастықты нығайту.
Сынып жетекшісі: Сагнаева Г.Б. 

https://www.instagram.com/reel/DPyZEqgCOuA/?igsh=MXB4N2Uzd2Z5eWEzYw==

© 2026. Все права защищены.