ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
5
Маусым
2026

2026 жылғы 4 маусым күні мектеп жанындағы лагерь тәрбиеленушілері мен бейіндік лагерь қатысушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай патриоттық флешмоб ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен мемлекеттік рәміздерге құрмет сезімін қалыптастыру. Флешмоб барысында оқушылар көк Туымызды ұлықтап, патриоттық әндер орындап, ұйымшылдық пен белсенділік танытты.
Шара тәрбиеленушілерге ерекше әсер сыйлап, олардың елжандылық рухын арттыра түсті.

https://www.instagram.com/reel/DZKO0NuuNnB/?igsh=MWtiejA4bnRieDB0ag==

https://www.instagram.com/reel/DZK5LGwIdms/?igsh=ODQxdHB2MnFpcTds

5
Маусым
2026

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай мектебімізде патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік шара барысында мектеп оқушылары сапқа тұрып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын салтанатты түрде орындады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерге құрмет пен патриоттық рух қалыптастыру.

https://www.instagram.com/reel/DZKDVDHOyG8/?igsh=bmZzZmxvdTBiYXox

5
Маусым
2026

Жазғы академия шеңберінде балалар мен жасөпірімдерді психологиялық қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Шаттық алаңы» жобасы аясында 3-маусым күні Шарбақты ауданы Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ жанынан құрылған бейіндік лагерінде және «Жаншуақ» лагерінде «Жүрегімдегі жылу» тақырыбында психологиялық тренингтер мен ойындар өткізілді. Балалардың бір-біріне деген сенімділігін арттыру, жанашарлық сезімдерін дамыту, бір-бірлеріне тілеулестік сезімдерін ояту мақсатында «Көңілді сәлемдесу», «Достық өрмекшісі», «Хи-ха-хо», «Мен саған жылу жолдаймын» тренингтері өткізіліп, «Біздің достық мекеніміз» тақырыбында балалар бірлесе сурет салды.

https://www.instagram.com/reel/DZJZ7IDoJOa/?igsh=cjRuMnFydWdnM3R3

4
Маусым
2026

2026 жылғы 4 маусым күні мектеп жанындағы лагерь тәрбиеленушілері балалар музыка мектебінде өткен концерттік шараға қатысып, ерекше әсер мен көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп қайтты.
Концерт барысында оқушылар әсем ән мен күмбірлеген күй тыңдап, өнерлі балалардың шығармашылығына куә болды. Музыкалық кеш балаларға қуаныш сыйлап, эстетикалық талғамдарын арттыруға ықпал етті.
Іс-шара соңында лагерь оқушылары көтеріңкі көңіл-күймен оралып, алған әсерлерімен бөлісті. Балалардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

https://www.instagram.com/reel/DZK5GEDIx8P/?igsh=MWt4c21vY2Exb2hzOA==

4
Маусым
2026

Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру «Жаншуақ» лагерінің оқушылары «Радуга» орталығында ұйымдастырылған патриоттық-цифрлық «Алтын Қыран» сайысына қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша жас қатысушылар «Қазақстанның цифрлы болашағы» номинациясына ие болды.

Бұл жетістік оқушылардың шығармашылығы мен цифрлық технологияларға қызығушылығын, сондай-ақ туған елге деген сүйіспеншілігін айқын көрсетеді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыруларына тілектеспіз!

https://www.instagram.com/reel/DZH1cxrIQgp/?igsh=MWQyNXIyYXBlb3cwdA==

4
Маусым
2026

Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Эко-шығармашылық» атты көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге лагерь тәрбиеленушілері табиғи және қайта өңделетін материалдардан жасаған түрлі қолөнер бұйымдарын, суреттерін, сәндік композицияларын және шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Оқушылар өз жұмыстарында қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және тұрмыстық қалдықтарды қайта пайдалану идеяларын шебер бейнелей білді.
Іс-шара барысында қатысушылардың қиялы мен шығармашылық ізденістері жоғары бағаланып, экологиялық тақырыптағы тың идеялар көрермендердің қызығушылығын тудырды. Көрме балалардың табиғатқа деген жауапкершілік көзқарасын қалыптастыруға, еңбекқорлық пен эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етті.
Көрме соңында белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдіріліп, үздік жұмыстар марапатталды.
«Эко-шығармашылық» көрмесі оқушылардың қоршаған ортаға деген қамқорлығын арттырып, экологиялық тәрбие берудің маңызды алаңына айналды.

https://www.instagram.com/reel/DZHvLfaI9e8/?igsh=bXp2OHc5ZnhzN3F5

4
Маусым
2026

2026 жылғы 3 маусым күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және «Жаз–2026» бағдарламасын іске асыру мақсатында бейіндік лагерь жұмысы өз жалғасын тапты. Күн жоспарына сәйкес жауапты педагогтер тәрбиелік және танымдық бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырды.
Абдугалиева А.А. «Рәміздер – ел тарихы» тақырыбында зияткерлік квиз өткізді. Шара барысында оқушылар мемлекеттік рәміздер мен еліміздің тарихына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Оқушылар белсенді қатысып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтарын арттырды.
Сондай-ақ, Смайлова А.С. «Жүрегімдегі жылу» атты психологиялық тренинг ұйымдастырды. Тренинг барысында оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, татулық, сыйластық және қамқорлық туралы ой бөлісті. Балалардың көңіл күйлері көтеріліп, жағымды атмосфера қалыптасты.
Ұйымдастырылған іс-шаралар оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырып, өзара қарым-қатынасты нығайтуға және рухани құндылықтарды дамытуға ықпал етті.

https://www.instagram.com/reel/DZHt_r-uTZt/?igsh=MWk5ZnFiMmg4d2FlNA==

4
Маусым
2026

2026 жылғы 2 маусым күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және «Жаз–2026» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бейіндік лагерь өз жұмысын жалғастырды. Жоспарға сәйкес жауапты педагогтер түрлі бағыттағы іс-шараларды ұйымдастырып, мазмұнды жұмыстар өткізді.
Атап айтқанда, «AI Generation» жобасы аясында «Техно-кейс» тақырыбында Макишева С.Е. оқушылармен заманауи технологиялар бағытында командалық тапсырмалар ұйымдастырып, балалардың шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізді.
Сонымен қатар, «Эко-хакатон: көмірқышқыл газының ізін азайту» тақырыбында Шаку З. экологиялық бағыттағы іс-шара өткізіп, оқушыларға қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«StartUp Shop: Бизнес жобаларды қорғау» тақырыбында Аңсаған А. оқушылардың кәсіпкерлікке деген қызығушылығын арттыру мақсатында бизнес-идеяларды таныстыру және қорғау жұмыстарын ұйымдастырды. Оқушылар өз жобаларын ұсынып, шығармашылық белсенділіктерін көрсетті.
Өткізілген іс-шаралар барысында оқушылар белсенді қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік алды.

https://www.instagram.com/reel/DZHhcB2uYBz/?igsh=NXMwc3l1ZW92YWlk

© 2026. Все права защищены.