ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
3
Қараша
2025

Алтын күздің әсем бояуларға толы сәтінде мектебімізде дәстүрге айналған “Күз кереметі. Өнер мен би тоғысы” мерекелік кеші жоғары деңгейде өтті!
Бұл күн — тек табиғаттың ғана емес, жүректердің де жылылығын сездіретін ерекше мереке болды. Оқушыларымыз күздің әдемілігін би мен ән арқылы өрнектеп, өнерлерін паш етті.
Кеш барысында әр сынып өз өнерін көрсетіп, түрлі сәнді киім үлгілерін ұсынды. Алтын жапырақтардай жарқыраған жас таланттар көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Мерекелік кеш оқушылардың шығармашылығын дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға бағытталды.
Оқушыларымыздың жүзінен шаттық, бойынан шабыт, көңілінен жылулық сезілді.
Күзгі бал – бұл тек мереке емес, достықтың, бірліктің, сұлулық пен шабыттың тоғысқан сәті!
Мектебіміздің ұстаздары мен оқушыларының еңбегі мен белсенділігіне алғыс білдіреміз.
Күздің әр күні осындай қуаныш пен шаттыққа толы болсын! 

https://www.instagram.com/reel/DP3zE2KCPRl/?igsh=MWoxMWR2d29ueWdjdg==

3
Қараша
2025

2025 жылғы 16 қазан күні мектебімізде «Дәмді және пайдалы: дұрыс тамақтану ережесі» тақырыбында жалпы мектепішілік іс-шара өткізілді. Іс-шара Дүниежүзілік дұрыс тамақтану күніне орай ұйымдастырылды.
Шараға 5-8 сынып оқушылары белсене қатысып, дұрыс тамақтанудың маңызы туралы мазмұнды әрі қызықты ақпараттармен танысты.
Аталған тақырып аясында түсіндірме жұмыстарын Шарбақты ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Қойбағарова Гүлайна Бекенқызы және мектептің медбикесі Абишева Үміт Ахатовна жүргізді. Олар салауатты өмір салтының негізі – дұрыс әрі теңгерімді тамақтану екенін кеңінен түсіндіріп, оқушыларға пайдалы кеңестер ұсынды.
Іс-шара өте мазмұнды өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, белсенділік танытты. 

дұрыс

3
Қараша
2025

Үнемдеу – экологиялық мәдениеттің негізі тақырыбына 10 сынып оқушылары экологиялық бейнежазба түсіріп мектептің оқушыларын жарықты, суды үнемдеуге шақырды.
Мақсаты:
Оқушыларға табиғи ресурстарды ұқыпты пайдаланудың маңызын түсіндіру, экологиялық үнемдеу мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
Энергия, су, табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға баулу;
Оқушылардың экологиялық ой-санасын дамыту;
Мектеп, отбасы және қоғам арасындағы экологиялық ынтымақтастықты нығайту.
Сынып жетекшісі: Сагнаева Г.Б. 

https://www.instagram.com/reel/DPyZEqgCOuA/?igsh=MXB4N2Uzd2Z5eWEzYw==

3
Қараша
2025

🎯 Тәрбие сағатында оқушылармен бірге ойындардың адам өміріндегі әсері туралы әңгіме жүргізілді.
Пайдалы ойындар — баланың ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауын дамытады, ал зиянды ойындар — уақытты бос өткізіп, денсаулық пен мінезге кері әсер етеді.

Балалар өз пікірлерін айтып, ойындарды ажыратуды үйренді.
Ойын — баланың серігі, бірақ әр ойынның пайдасы мен зиянын білу — ең маңыздысы!

ойын1ойын3                                                               

  ойын4ойын5 

 

3
Қараша
2025

Қамқорлық жобасы аясында «Жақсылық жаса» атты акция ұйымдастырылды. Осы шараға 10 сынып оқушылары 212 қақпақша тапсырды. Акцияның негізгі мақсаты – оқушыларды мейірімділікке, ізгілікке, өзгелерге көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сынып жетекшісі: Сағынаева Г. Б.

https://www.instagram.com/reel/DPlUrP8iFeK/?igsh=MTMxN2NnanFuamRwbA==

10
Қазан
2025

Дублер күніне дайындық барысы.
«Ұстаз – мектептің жүрегі» атты іс-шараға арналған мақсат пен міндеттер нұсқасы:
Мақсаты:
Ұстаз еңбегін дәріптеу, ұстазға деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Мұғалімдердің білім беру ісіндегі рөлін көрсету, жас ұрпаққа өнегелік, тәлім-тәрбие беру жолындағы еңбегін бағалау.
Оқушылардың ұстазға деген алғысын, сүйіспеншілігін арттыру.
Міндеттері:
1. Оқушыларды ұстаз еңбегін құрметтеуге, қадірлеуге баулу.
2. Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы сыйластықты нығайту.
3. Өнер арқылы (өлең, ән, би, көрініс) ұстазға деген алғыс сезімін жеткізу.
4. Жас ұрпаққа ұстаз мамандығының қадір-қасиетін түсіндіру.
5. Ұстаздар күні мерекесіне орай көңілді орта қалыптастыру.

https://www.instagram.com/p/DPTYLOnCOSw/?igsh=MTcxNHV0dnNvZjFzMw==

Дублёр күні 🎉


Бүгінгі күн – шәкірт пен ұстаздың орнын ауыстырып, бір-бірінің еңбегін, жауапкершілігін тереңірек сезінетін ерекше мереке.

Бұл күнде оқушылар ұстаздың орнында болып, білім берудің қаншалықты үлкен жауапкершілік екенін түсінеді. Ал ұстаздар шәкірттерінің шығармашылығы мен ізденісіне сүйсінеді. ✨

📚 Ұстаз болу – тек сабақ түсіндіру емес, ол – жүректен жүрекке жол табу.
Осы бір ерекше күн ұстаз еңбегін бағалауға, шәкірт пен ұстаз арасындағы сыйластықты арттыруға бағытталған.

https://www.instagram.com/reel/DPWR4F4iDzI/?igsh=Y2V4dGEzY2JnMmt4 

 

© 2025. Все права защищены.