Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру «Жаншуақ» лагерінің жұмысы өз мәресіне жетті. Лагерьдің жабылу салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиеленушілердің қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.Лагерь барысында оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында спорттық жарыстар, танымдық ойындар, шығармашылық байқаулар мен мәдени-көпшілік шаралар өткізілді. Балалар қызықты демалыспен қатар, жаңа достар тауып, өздерінің шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алды.Жабылу салтанатында белсенді қатысқан тәрбиеленушілер марапатталып, лагерь жұмысына атсалысқан ұстаздар мен тәрбиешілерге алғыс айтылды. Іс-шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, балалар лагерьден алған әсерлерімен бөлісті.«Жаншуақ» лагері балаларға жарқын естеліктер сыйлап, жазғы демалыстың қызықты әрі пайдалы өтуіне өз үлесін қосты.
https://www.instagram.com/reel/DZwi_WuOemk/?igsh=bG1pZTh5MjJicWZz




