Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру «Жаншуақ» лагерьінің оқушылары аудандық «Радуга» орталығы ұйымдастырған «Ғарыш экспедициясы» сайысына қатысып, өздерінің ұйымшылдығы мен белсенділігін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша лагерь тәрбиеленушілері «Ең ұмытылмас экипаж» номинациясын иеленді. Бұл жетістік оқушылардың шығармашылығы мен ынтымақтастығының нәтижесі болып табылады. Қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!
https://www.instagram.com/reel/DZwiVLyuXca/?igsh=MTVzNXExeXJzMHZyaw==




