Бүгін мектеп жанындағы лагерьде ерекше көңіл күй сыйлаған “Trend Show” және “Color Party” іс-шаралары өтті.
Алдымен балалар сән әлеміне саяхат жасап, “Trend Show” бағдарламасы аясында өздерінің ерекше образдарын көпшілікке таныстырды. Әр қатысушы шығармашылық қабілеті мен талғамын көрсетіп, сән үлгілерін сенімді түрде ұсынды.
Кейін көңілді “Color Party” мерекесі ұйымдастырылды. Түрлі-түсті бояулар мен жарқын көңіл күйге толы кеште балалар би билеп, қызықты ойындарға қатысып, бір-біріне көтеріңкі көңіл сыйлады. Бұл күн лагерь тәрбиеленушілері үшін ұмытылмас әсерге толы болып, достық пен бірлікті нығайтқан жарқын мерекеге айналды.
https://www.instagram.com/reel/DaSuhF6IHcS/?igsh=MW96ajlsNWFjb3U2MA==




