2026 жылғы 17 маусым күні мектебімізде 11-сынып түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Биыл мектебімізді 19 оқушы тәмамдап, жалпы орта білім туралы аттестатқа ие болды.
Түлектеріміздің ішінде Садвакасова Жанель «Алтын белгі» иегері атанса, Бауыржан Мөлдір, Оспанова Меруерт және Смаилханова Айдана үздік аттестат иегерлері атанды.
Салтанатты шараға Шарбақты аудандық білім беру бөлімінің басшысы Нұрсейітов Дәурен Қалдыбайұлы, Қабдол Әбенов атындағы сыйлықтың лауреаты марапатын табыстау үшін арнайы келген құрметті қонағымыз Қабдолов Жарқын Русланұлы және ардагер ұстазымыз Дауенова Ғалима Зейнатуллақызы қатысты.
Кеш барысында оқу мен қоғамдық жұмыстардағы жоғары жетістіктері үшін Шарбақты ауданының 2026 жылғы түлектері арасынан мектебіміздің түлегі Бауыржан Мөлдір Қабдол Әбенов атындағы сыйлықтың лауреаты атанып, арнайы дипломмен және ақшалай сыйлық табысталды.
Мерекелік шарада түлектердің ата-аналарына бала тәрбиесі мен мектеп өміріне белсенді араласқандары үшін Алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, мектебіміздің психологы Смаилова А.С. түлектермен мектеп өмірін қорытындылау және жаңа өмір кезеңіне сеніммен қадам басуда.
https://www.instagram.com/reel/DZwandTomM3/?igsh=MXR1M2gwYWIwa2xybQ==




