«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ұстаздар күні мерекесіне орай мектебімізде «Ұстазыңды құттықта» челленджі жалғасын табуда.
Челлендж аясында 10-сынып оқушылары аяулы ұстаздарына жүрекжарды тілектерін арнап, білім мен тәрбие жолындағы ерен еңбектері үшін шынайы алғыстарын білдірді.
Ұстаз – шәкіртке білім беріп қана қоймай, оның бойына ізгілік пен адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, болашаққа бағыт-бағдар беретін қадірлі жан. Шәкірттің әрбір жетістігінің артында ұстаздың табанды еңбегі мен қамқорлығы жатыр.
Құрметті ұстаздар!
Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, шәкірттеріңіздің жетістігі мен ыстық ықыласына бөлене беріңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!
https://www.instagram.com/reel/Dd9PXMBuunN/?stkn=ajJrZXA1MGtoMzVp
«ҰСТАЗЫҢДЫ ҚҰТТЫҚТА» ЧЕЛЛЕНДЖІ
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ұстаздар күні мерекесіне орай мектебімізде өтіп жатқан «Ұстазыңды құттықта» челленджіне 7 «Б» сынып оқушылары да белсене атсалысты.
Оқушылар аяулы ұстаздарын мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды тілектері мен шынайы алғыстарын білдірді. Ұстаздарға зор денсаулық, шығармашылық табыс, еңбектеріне жеміс пен шәкірттерінің биік жетістіктерін тіледі.
🌷 Ұстаз – шәкірт жүрегіне білімнің шырағын жағып, болашаққа жол көрсететін ардақты жан.
Құрметті ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын! Еңбектеріңіз еленіп, шәкірттеріңіздің құрметі мен ыстық ықыласына бөлене беріңіздер!
https://www.instagram.com/reel/Dd9PazVOuWK/?stkn=cGk4aHJnNjZjeW54