«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ұстаздар күні мерекесіне орай мектебімізде «Ұстазыңды құттықта» челленджі бастау алды.
Аталған челленджге 9 «А» сынып оқушылары қатысып, ұстаздарына деген ыстық ықыластары мен ізгі тілектерін білдірді.
Челлендждің мақсаты – ұстаз еңбегін құрметтеу, шәкірттердің ұстаздарына деген алғысы мен сый-құрметін дәріптеу.
Ұстаздарымызға зор денсаулық, шығармашылық табыс пен шәкірттерінің биік жетістіктерін тілейміз!
https://www.instagram.com/reel/Dd9PRJJOK-D/?stkn=Y3oxbjBnZmlyaW90




