Ұстаз – білімнің шамшырағы, шәкірт жүрегіне жол табатын аяулы жан. Ұстаздың әрбір сөзі – өнеге, әрбір берген білімі – болашаққа бастар жол.
Ұстаз еңбегі өлшеусіз. Себебі ұстаз тек білім беріп қана қоймай, шәкіртінің бойына ізгілік пен адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, үлкен өмірге бағыт береді.
Ұстазға деген құрмет – білімге деген құрмет!
Барша ұстаздарға шығармашылық табыс, мықты денсаулық және шәкірттерінің биік жетістіктерін тілейміз!






