Ұстаздар күніне орай 11-сынып оқушылары мұғалімдерімізбен ерекше форматта сұхбат жүргізді.
Бұл жолы ұстаздардың жасын емес, педагогикалық еңбек өтілін анықтап көрдік.
Шарты өте қарапайым: Қанша жыл ұстаздық етсеңіз – сонша жастасыз!
Бірі – ұстаздық жолында әлі «жап-жас», ал енді бірі – мол тәжірибе жинаған нағыз маман!
Әр жыл – тәжірибе, әр сабақ – ізденіс, әр шәкірт – ұстаз өміріндегі ерекше тарих.
Құрметті ұстаздар, педагогикалық еңбек жолдарыңыз ұзақ болып, шәкірттеріңіздің құрметіне бөлене беріңіздер!
https://www.instagram.com/reel/Dd-qzCcIbqa/?stkn=eWU3OG1kaXFta3Vl




