2026 жылғы 8 шілдеде мектеп жанындағы «Жаншуақ» лагерінің тәрбиеленушілері Павлодар қаласындағы балалар кітапханасына және Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасады.
Балалар кітапханада қазақ және әлем әдебиетінің ақын-жазушыларының өмірі мен шығармашылығымен танысып, кітаптың маңызы мен әдебиет әлемі туралы қызықты мәліметтер алды. Сондай-ақ, кітапхана қызметкерлері балаларға танымдық бағдарлама ұйымдастырып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырды.
Экскурсия барысында балалар Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайына барып, жойылып кеткен жануарлардың мүсіндерін, табиғатқа, тарихқа және өлкетануға қатысты құнды экспонаттарды тамашалады. Мұражай қызметкерлері әрбір экспонаттың шығу тарихы мен ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Экскурсия балалар үшін өте қызықты, мазмұнды әрі танымдық деңгейде өтті. Олар көптеген жаңа мәліметтер алып, туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасы туралы білімдерін толықтырды. Балалар көтеріңкі көңіл күймен ұмытылмас әсер алып, үйлеріне қуана қайтты.
https://www.instagram.com/reel/DaneY7HIlUi/?igsh=MTRha2d4dmsxdmM0Ng==




