9 мамыр – Жеңіс күніне орай, «Даңқ обелискі» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Жеңіс күні – батыр аталарымыз бен әкелеріміздің ерлігі мен жанқиярлығының арқасында біз бейбіт, тәуелсіз елде алаңсыз өмір сүріп отырғанымызды еске салатын қасиетті күн. Осы ұлы Жеңіс жолында қаза тапқан ерлеріміздің рухына тағзым етіп, құрмет көрсету мақсатында іс-шараға мектебіміздің оқушылары мен педагогтері қатысты.
Рәсім барысында Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларымыз бір минут үнсіздікпен еске алынып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Қатысушылар ардагерлердің ерлігі мен Отанға деген сүйіспеншілігін үлгі етіп, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңыздылығын атап өтті.
Бұл тағылымды шара жас буынның бойында елге деген құрмет пен отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, бейбіт өмірдің қадірін терең түсінуге мүмкіндік берді.
https://www.instagram.com/reel/DYKil4YADkw/?igsh=MW1zMGF1ZW52Zm5lZQ==




