ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

2026 жылғы 4 мамыр күні Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне арналған жоспарға сәйкес мектепте тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағаттарының мақсаты – оқушылардың бойына патриоттық сезім қалыптастыру, Отанды сүюге тәрбиелеу, елін, жерін қорғаған батырлардың ерлігін үлгі ету және Ұлы Жеңістің маңызын түсіндіру болды.
Іс-шара барысында оқушыларға 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелерінің тарихи маңызы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлардың ерлігі, тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі жөнінде айтылып, бейбіт өмірдің қадірін түсіндіруге бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Тәрбие сағаттарында оқушылар патриоттық тақырыптағы өлеңдер оқып, әндер орындады. Сондай-ақ, бейнероликтер көрсетіліп, тарихи мәліметтер мен естеліктер айтылды.
Шара соңында оқушыларға ел тыныштығын сақтау, Отанды құрметтеу және ата-баба ерлігін ұмытпау – әр азаматтың міндеті екені түсіндірілді.

https://www.instagram.com/reel/DYKZlSEgPyj/?igsh=aGxxeGo2YzcxMHUw

© 2026. Все права защищены.