2026 жылғы 18 мамырда “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде мектебімізде «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» арналған тәрбие сағаты және қауіпсіздік сабақтары өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдыры, тарихи маңызы мен ел тарихындағы орны туралы мәліметтер беріліп, өткенге тағзым ету, тарихи сананы қалыптастыру бағытында мазмұнды жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, қауіпсіздік сабақтарында жоспарға сәйкес қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, оқушыларға өмір қауіпсіздігін сақтау, жауапкершілік пен сақтық шараларын ұстану жөнінде кеңінен ақпарат берілді.
Шаралардың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру және қауіпсіздік мәдениетін дамыту.


https://www.instagram.com/p/DYgIQEwmIOa/?img_index=3&igsh=MW1ubjZxeXFzNzZqMA==




