Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру «Жаншуақ» лагерінде оқушылар арасында «Асфальттағы сурет – бала қиялының айнасы» атты шығармашылық шара ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялын ұштау және жазғы демалыс уақытын мазмұнды өткізу. Қатысушылар түрлі-түсті бормен асфальт бетіне өздерінің армандарын, табиғат көріністерін, туған жерге деген сүйіспеншілігін және достық тақырыбындағы суреттерін бейнеледі.
Сурет салу барысында оқушылар ерекше белсенділік танытып, шығармашылық шеберліктерін көрсетті. Әр жұмыс өзіндік ерекшелігімен көзге түсіп, көрермендердің қызығушылығын арттырды. Шара соңында барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, үздік жұмыстар марапатталды.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар балалардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

https://www.instagram.com/p/DZpcvzro1Cu/?igsh=ZDI1MmdrNmZseWNj




