“Жаны ашымастың басы ауырмас” Дәл осы тақырыппен «Сенімен Болашақ»РҚБ ,Шарбақты ауданы жанашырлары Ербол Жарылқапұлы мен Айгүл Нәбиқызы және Даурен Калдыбаевтың ұйымдастыруымен ортақ мүдде адами құндылық, азаматтық жауапкершілік пен ұрпақ болашағына жанашырлық танытатын жандардың басын қосқан шара өтті.Азаматтық қоғамның , саналы азаматтарын артыруға, отбасы құндылықтарын насихаттауға, ұрпақ тәлім- тәрбиесі аясында ағартушылық бағытта, бірлестіктің САНАЛЫ АТА-АНА АКАДЕМИЯСЫ бағыттары бойынша іс- шаралар мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін Шарбақты ауданы білім бөлімі және аудандық кәсіп одақ ұйымы мен өзара ынтымақтастық келісім шартына қол қойылды.Аудандық білім бөлімі басшысы Дәурен Қалдыбайұлы бірлестік жанашыры қатарына қосылып, аудан жанашырларымен бірге елге қызметте әрдайым «СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» РҚБ мен бірге болатынын жеткізді.👏Осындай игі шаралардың өтуіне бастамашы болған бірлестік жанашырлары @erkegalizhangazy , Ербол Жарылқапұлы мен @aigul_syzdykova1 бастаған @bakustarzhangozin @khyzyrzhanarys мырзалар қостаған жанашырларға шын жүректен алғыс білдіреміз.
Аудандық білім бөліміне шын жүректен алғыс айтамыз!Елге қызмет- ортақ жауапкершілік!
Жанашырлық- құндылықтың өзегі.
https://www.instagram.com/reel/Devd13ZIm4h/?obrf=ZDdtdW5kYzh4bHlq




