ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

БАЛА КӨҢІЛІ-ӨМІРДІҢ ЕҢ ЖАРҚЫН БОЯУЫ: ШАТТЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖАЗҒЫ ЛЕБІ

Жазғы демалыс – балалар үшін тек оқудан тынығу ғана емес, сонымен қатар жаңа достар тауып, тұлға ретінде дамитын ерекше кезең. Осы орайда Павлодар облысының білім басқармасына қарасты “Өңірлік психологиялық қолдау орталығы” КММ бастамасымен «Шаттық алаңы» жобасы аясында Шарбақты ауданындағы Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде бірқатар іс-шаралар өткізілді. “Өңірлік психологиялық қолдау орталығының” бұл авторлық жобасы оқушылардың жазғы уақытын тиімді әрі психологиялық тұрғыдан пайдалы өткізуге бағытталып отыр. Мектептің педагог-психологі Аймереке  Смайлованың жетекшілігімен жазғы академия шеңберіндегі лагерьдің бірінші ауысымында жүзеге асырылып жатқан бұл жобаның басты мақсаты – оқушыларға қолайлы микроклимат құру арқылы айналасындағылармен тиімді қарым-қатынас орнатуға көмек көрсету. Жоба аясында тұлғааралық қарым-қатынас пен өзін-өзі көрсету қабілеттерін дамыту, жағымсыз тәжірибелерді азайту және топтық ұйымшылдықты нығайту міндеттері көзделіп, маусым айында бірқатар мазмұнды іс-шаралар легі жоспарланған. 

                          ЖҮРЕКТЕГІ ЖЫЛУЛЫҚ ПЕН МЕЙІРІМДІЛІК МЕКТЕБІ

Лагерь өміріндегі ең маңызды қадам – балалардың бір-біріне деген сенімін арттырып, буллингтің алдын алу мақсатында өткізілген «Жүрегімдегі жылу!» атты арнайы тренинг болды. Бұл шара барысында оқушылар «Шекарасыз сәлемдесу» энерджайзері арқылы жаңазеландиялықтар сияқты мұрын түйістіріп, жапондарша бас иіп сәлемдесудің қызықты әдістерін байқап көрді. Сондай-ақ, «Достық өрмекшісі» жаттығуында балалар бір-біріне тоқыма жіп лақтырып, комплимент айту арқылы ортақ «достық өрмегін» тоқып, ұжымның бір-бірімен тығыз байланыста екенін терең сезінді. Осы мейірімділік эстафетасын жалғастырған «Қайырымды істер күні» акциясы аясында оқушылар «Жылы лебіз» марафонына қатысып, түрлі-түсті жүрекшелерге өз алғыстарын жазды. Балалар «Күлімсіреу вирусы» тапсырмасы арқылы күні бойы айналасындағы адамдарға комплимент айтып, жақсы энергия таратса, гүл жапырақшаларын жинау ойыны арқылы қайырымды адамның өзіндегі қуанышпен бөлісуі керектігін түсінді. 

                                       АРТ-ТЕРАПИЯ АРҚЫЛЫ ҚИЯЛҒА ҚАНАТ ҚАҒУ

Балалардың шығармашылық әлеуетін ашып, эмоциялық күйін жақсартуда арт-терапияның орны ерекше екені сөзсіз. Осы орайда ұйымдастырылған «Өмірді түрлі-түсті етейік» тренингінде қатысушылар «Көңіл-күй салюті» ойыны арқылы өз эмоцияларын түрлі түсті карточкалармен көрсетіп, әртүрлі сезімдерді дене қимылымен бейнелеп шықты. Шараның ең қызықты сәті – үлкен ватман бетіне боялған алақан іздерін қалдырып, одан ғажайып бейнелер жасап шығарған «Сиқырлы алақандар қаласы» ұжымдық жұмысы болды. Белсенді шығармашылықтан кейін балалар табиғат дыбыстары ойнатылған «Кемпірқосақ астындағы демалыс» релаксациялық жаттығуы арқылы бойларындағы кернеуді басып, тынығып қалды. 

                       ІШКІ СЕЗІМДІ ТАНУ ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ

Психологиялық денсаулықты сақтау және ішкі сезімдерді дұрыс тани білу мақсатында 5-7 сынып оқушыларына арналған «Менің эмоцияларым» сабағы да жоғары деңгейде өтті. Мұнда балалар «Ашуын басқаруды үйренген бұлт» ертегісін тыңдай отырып, ашуланғанда терең дем алудың маңыздылығын ұқты. Сонымен қатар, өздерінің жағымсыз сезімдерін қағазға жазып, оны мыжып қорапқа тастау арқылы ішкі кернеуден арылуды үйренді. Ең бастысы, оқушылар өзгелерді айыптаудың орнына, «Мен... ренжимін» деп өз сезімдерін сындарлы түрде жеткізуге баулитын «Мен-хабарлама» әдісін меңгеріп шықты. 

Қорыта айтқанда, «Шаттық алаңы» жобасы балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын емес, олардың бойындағы эмпатия, ұйымшылдық және өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, жазғы лагерьді нағыз психологиялық үйлесім мен мейірімнің мекеніне айналдыра алған құнды бастама болды.

Аймереке Смайлова,

педагог-психолог  

аймереке

© 2026. Все права защищены.