«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» және «12 айда – 12 кітап» жобасы аясында Қазақ халқының ұлы ағартушысы, педагог, жазушы, этнограф Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Даланың дара ұстазы» тақырыбында әдеби сағат өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылық мұрасын таныстыру, оның қазақ халқының ағартушылық саласына қосқан зор үлесін насихаттау, ұлы ұстаздың өнегелі өмір жолы арқылы жас ұрпақтың бойында білімге, еңбекке, адамгершілікке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Әдеби сағат барысында оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы, ағартушылық қызметі, қазақ даласында мектеп ашу жолындағы еңбегі мен педагогикалық мұрасы туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар қаламгердің «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдері мен тәрбиелік мәні зор әңгімелеріне тоқталып, шығармаларының мазмұны мен тағылымдық мәні талқыланды.
https://www.instagram.com/reel/DfhswNZOcBq/?psln=MTRwNXp0bHFkc3htMg==




