ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
22
Қаңтар
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында Абылай ханның 315 жылдығына арналған «Абылай хан – Тәуелсіздіктің бас сардары» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: патриоттық тәрбие беру, көрнекті мемлекет қайраткері Абылай ханмен таныстыру. Ол тек билеуші ғана емес, сонымен бірге әскери көшбасшы, өз халқының дипломаты болды. Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771—1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы. Осы шарға тарих пәнінің мұғалімі Айнаш Айтбаевна қызықты деректермен бөлісті . Дөңгелек үстел соңында тарихи кітаптарға шолу өткізілді.

аблай

14
Қаңтар
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Өз құқығыңды біл» атты кітап көрмесі өткізілді. Бұл көрменің негізгі мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру, азаматтық құқықтар мен міндеттер туралы білімді кеңейту. Қатысушыларға адам құқықтары туралы кітаптар, ақпараттық материалдар ұсынылған. Оқушылар өз құқықтарын, сондай-ақ өзгелердің құқықтарын құрметтеудің маңыздылығын жайлы ақпарат берілді. 

ит12

6
Қаңтар
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында "Кітапханаға кітап сыйла!" акциясы оқырмандарға кітап қорын қажетті әдебиеттермен толықтыруға бағытталған.
Акцияның мақсаты: оқушыларды кітап оқуға тарту, әр түрлі жанрдағы әдебиеттерді танымал ету, кітап құмарлар қатарын толықтыру.
Акция барысында кітапхана қоры кітап сүйер қауымға қажетті әдебиеттермен толықты. Бұл тарихи романдар, шытырман оқиғалар, фантастика, оқырмандарға ұзақ жылдар бойы шынайы ләззат сыйлайтын детективтік әңгімелер.

https://www.instagram.com/reel/DTKVJjbiJxA/?igsh=MXVtbHh5YTFtb3dsYw==

6
Қаңтар
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Қысқы демалыс – кітаппен бірге» атты кітап оқу сағаты өтілді.Мақсаты:Оқушылардың қысқы демалыс уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. 

юююд

6
Қаңтар
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Отбасымен кітап оқу» атты үйге тапсырма берілген.Мақсаты: жанұямен кітап оқу дәстүрін қайта жаңғыртуда, адамзаттың ой-өрісін, шығармашылық, әлеуметтік белсенділігін арттырудың қуатты құралы болып табылатын кітап оқудың отбасылық құндылыққа айналдыру. Отбасындағы балалардың жан-дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту.

https://www.instagram.com/p/DTHcay1iFTa/?igsh=NDhrbHh1em5naG14

https://www.instagram.com/p/DTHkjmGiOdR/?igsh=MWRxOWQybWw2YTdpbg==

25
Желтоқсан
2025

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында "Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл" атты ақпараттық сағат мектебіміздің медбикесі Умут Ахатқызының қатысуымен өтілді. Бұл іс-шараның мақсаты — оқушыларға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру, психологиялық және физикалық денсаулықты сақтау жолдарын көрсету, сондай-ақ зиянды әдеттерден аулақ болуға, әр адамың денсаулығы өз қолында екені айтылды.

жхххж

12
Желтоқсан
2025

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап кейіпкерлерінің суреттері» атты шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының кітапқа деген қызығушылығын арттыру, қиялын дамыту, сүйікті кейіпкерлерін бейнелей отырып, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

https://www.instagram.com/reel/DSKd7mwiEE4/?igsh=MTF6dTBwNHc4bXl0ZA==

12
Желтоқсан
2025

Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, «Балалар кітапханасы» және «Оқуға құштар мектеп» жобалары аясында мектебімізде «Тәуелсіздік – ұлттық өрлеудің ұлы күші» атты тарихи кеш ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға тәуелсіздіктің маңызын түсіндіру, ел тарихына деген құрметті арттыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау. Кеш барысында оқушылар тәуелсіздікке қатысты маңызды деректермен танысып, тарихи оқиғалар туралы ой бөлісті.

Танымдық шара жас ұрпақтың бойында елжандылық сезімін, отанға деген сүйіспеншілікті және жауапкершілік қасиеттерін дамытуға ықпал етті.

ай2

© 2026. Все права защищены.