ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
6
Қаңтар
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Отбасымен кітап оқу» атты үйге тапсырма берілген.Мақсаты: жанұямен кітап оқу дәстүрін қайта жаңғыртуда, адамзаттың ой-өрісін, шығармашылық, әлеуметтік белсенділігін арттырудың қуатты құралы болып табылатын кітап оқудың отбасылық құндылыққа айналдыру. Отбасындағы балалардың жан-дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту.

https://www.instagram.com/p/DTHcay1iFTa/?igsh=NDhrbHh1em5naG14

https://www.instagram.com/p/DTHkjmGiOdR/?igsh=MWRxOWQybWw2YTdpbg==

25
Желтоқсан
2025

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында "Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл" атты ақпараттық сағат мектебіміздің медбикесі Умут Ахатқызының қатысуымен өтілді. Бұл іс-шараның мақсаты — оқушыларға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру, психологиялық және физикалық денсаулықты сақтау жолдарын көрсету, сондай-ақ зиянды әдеттерден аулақ болуға, әр адамың денсаулығы өз қолында екені айтылды.

жхххж

12
Желтоқсан
2025

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап кейіпкерлерінің суреттері» атты шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының кітапқа деген қызығушылығын арттыру, қиялын дамыту, сүйікті кейіпкерлерін бейнелей отырып, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

https://www.instagram.com/reel/DSKd7mwiEE4/?igsh=MTF6dTBwNHc4bXl0ZA==

12
Желтоқсан
2025

Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, «Балалар кітапханасы» және «Оқуға құштар мектеп» жобалары аясында мектебімізде «Тәуелсіздік – ұлттық өрлеудің ұлы күші» атты тарихи кеш ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға тәуелсіздіктің маңызын түсіндіру, ел тарихына деген құрметті арттыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау. Кеш барысында оқушылар тәуелсіздікке қатысты маңызды деректермен танысып, тарихи оқиғалар туралы ой бөлісті.

Танымдық шара жас ұрпақтың бойында елжандылық сезімін, отанға деген сүйіспеншілікті және жауапкершілік қасиеттерін дамытуға ықпал етті.

ай2

12
Желтоқсан
2025

Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, «Балалар кітапханасы» және «Оқуға құштар мектеп» жобалары аясында мектебімізде «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты кітап көрмесі және «Тарих беттерінен сыр» атты танымдық сұхбат ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың тарихи танымын кеңейту, тәуелсіздіктің мәнін терең ұғындыру және елге деген сүйіспеншілікті арттыру. Көрмеде Қазақстан тәуелсіздігі, ұлттық құндылықтар, тарихи тұлғалар туралы әдебиеттер мен деректі еңбектер таныстырылды.

«Тарих беттерінен сыр» сұхбаты барысында оқушылар маңызды тарихи оқиғаларды талқылап, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Бұл кездесу жас ұрпақтың бойында елжандылық, жауапкершілік және кітап оқуға қызығушылық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етті.

https://www.instagram.com/reel/DSHurjFCIwf/?igsh=bnBwMGQ4a3N6MGxl

12
Желтоқсан
2025

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы!» атты библиофреш өтті. Мақсаты – қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармаларын оқушыларға кеңінен таныту, сөз өнерінің құдіретін сезіндіру, оқуға қызығушылықтарын арттыру. 

https://www.instagram.com/reel/DR5CsIciChG/?igsh=Mmh6NGRhOTA3b2I2

4
Желтоқсан
2025

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» акциясы аясында мектеп кітапханасында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық сағат өттілді. Мақсаты – оқушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері, оның бала психологиясына әсері, өзін-өзі қорғау дағдылары және қауіпсіз мінез-құлық принциптері туралы түсінік беру, сондай-ақ жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға тәрбиелеу. Шараға 2–4 сыныптардың оқушылары қатысты. 

https://www.instagram.com/reel/DR1vQsliHOs/?igsh=NDA2eGxydjFya2lt

2
Желтоқсан
2025

2025 жылғы 28 қарашада «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханашысы Калтаева Камиланың қатысуымен танымдық семинар өтті. Семинардың мақсаты –оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, тиімді оқу дағдыларын қалыптастыру және түрлі оқу әдістерімен таныстыру арқылы олардың оқу мәдениетін дамыту. Сонымен қатар, сапалы әдебиеттермен қамтамасыз ету және кітапхана қорын толықтыру мәселелері талқыға салынды. Іс-шара барысында мектеп кітапханашылары жылдам оқу тәсілдері, мәтінді талдау әдістері және қызықты кітапті таңдау жолдары туралы пайдалы ақпарат алды. Калтаева Камила мектебіміздің кітапханасына оқушылардың оқу мәдениетін дамытуға арналған танымдық кітаптар сыйға тартты.Бұл семинар оқушылардың кітап оқуға ынтасын арттырып, олардың оқу дағдыларын дамытуға оң әсерін тигізетіні анық. 

https://www.instagram.com/reel/DRmW0JeiK8e/?igsh=MjZxeTh4ejVvOWwx

© 2026. Все права защищены.