«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 27 қаңтар Шарбақты ауданының орталықтандырылған кітапханасы және мәдениет бөлімі бірлесіп өткізген Дина Нурпеисованың 165 жылдығына арналған «Күй анасы -Дина» атты музыкалық-әдеби іс-шараға мектебіміздің 10-сынып оқушылары қатысты.Мақсаты: Ұлы Құрманғазының шәкірті, лайықты мұрагері Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, күйлеріне мағлұмат беру. Домбыра арқылы халық шығармашылық өнерін, көркем өнер туындыларын санамызға сіңіруге тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/reel/DUAxjSRiMeU/?igsh=d2Fub3d3Y2ZraWt1




