ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» және «12 айда – 12 кітап» жобасы аясында оқушылар мен ұстаздардың қатысуымен «Кітап әлемінде» атты әдеби кездесу ұйымдастырылып, мазмұнды әрі тағылымды шара өткізілді.
Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті кеңінен насихаттау, рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың бойында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.
Әдеби кездесудің алғашқы сөзі мектеп директоры Нурмира Омиржанноваға берілді. Мектеп директоры өз сөзінде кітаптың адам өміріндегі маңызына тоқталып, көркем әдебиеттің жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейтіп, ой-өрісін дамытудағы және рухани тәрбиесін қалыптастырудағы рөлін ерекше атап өтті. Сонымен қатар оқушыларды кітаппен дос болуға, білімге құштарлық танытып, ізденіс үстінде жүруге шақырды.
Шара барысында 10-сынып оқушылары да өз ой-пікірлерін ортаға салып, кітап оқудың пайдасы мен әдеби шығармалардың адам өміріндегі орны туралы ой бөлісті.
Кездесуге орыс тілі пәнінің мұғалімі Айтжамал Мадатовна, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айман Серигханкызы және мектеп психологі Аймереке Сматовна қатысып, кітап оқудың тіл байлығын арттыруға, ойлау қабілетін дамытуға, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға тигізер ықпалы жөнінде тағылымды ойларын жеткізді. Ұстаздар мен оқушылар арасында мазмұнды пікір алмасу өрбіді.
Кездесудің ерекше сәттерінің бірі – шара соңында мектеп директоры Нурмира Омиржанованың оқушыларға оқуға арналған көркем шығармаларды ұсынуы болды. Атап айтқанда, 10-сынып оқушысы Абжатова Дильназға Бауыржан Жақыптың «Жан дауысы» поэмасын, ал 7 «Б» сынып оқушысы Айтбай Үкіліайға Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін оқуға кеңес берді.
Бұл ұсыныс оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың көркем шығармаларды өздігінен оқып, мазмұнын түсініп, терең ой түюіне бағытталған игі бастама болды.
Осындай тағылымды кездесулер арқылы кітап оқудың маңыздылығы насихатталып, ұстаз бен оқушы арасындағы рухани байланыс нығая түсті. «12 айда – 12 кітап» жобасы аясындағы әдеби кездесу қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, кітап әлеміне деген қызығушылықтарын арттыра түсті.
Кітап – рухани қазына, оқырман – сол қазынаның шынайы иесі!

https://www.instagram.com/reel/DfIFA7YOd7b/?srtk=MWRsbjhoNnRnZjlmdQ==

© 2026. Все права защищены.