«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» және «12 айда – 12 кітап» жобасы аясында Абай Құнанбайұлының қара сөздерін оқыту – білім алушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, ұлттық дүниетанымын кеңейтуге, ойлау қабілеті мен әдеби тіл мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды оқу үдерісі.
Абайдың қара сөздері – қазақ халқының өмірі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, білім мен ғылым, еңбек, адамгершілік және тәрбие мәселелерін тереңінен қозғайтын философиялық-танымдық мұра. Ақынның әрбір қара сөзінде адам бойындағы жақсы қасиеттерді дәріптеу, жағымсыз әдеттерден арылу, білімге, еңбекке, ізденіске ұмтылу идеялары көрініс табады.
https://www.instagram.com/p/Dfpq8MlDjY3/?vrfl=NmNpMm54aXNkZTcx




