«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» және «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында күзгі демалыс кезінде оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, әдеби танымын кеңейту, ойлау қабілеті мен тапқырлығын дамыту мақсатында «Тапқыр достар» атты викториналық ойын өткізілді.
Мақсаты: оқушылар кітап әлеміне саяхат жасап, әдеби шығармалар мен олардың авторлары туралы білімдерін ортаға салды. Викториналық сұрақтарға жауап беріп, шығармалардың мазмұны, кейіпкерлері мен оқиғаларына қатысты тапсырмаларды орындады. Ойын барысында қатысушылар өздерінің білімдерін, зеректігін, шапшаңдығын және тапқырлығын көрсетті.
https://www.instagram.com/reel/DfGyRmCI_he/?cplk=MXN5b3NuZTR2MnByMw==




