Ұлттық валюта күніне орай музейде Абай Құнанбаев атындағы мектептің 6-сынып оқушыларына арналған "Ұлттық валюта - оның тарихы мен дамуы" тарих сабағы өтті.
Балалар ұлттық валютамыз – теңгенің тарихымен, алғашқы банкноттар мен монеталардың ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар музей қорындағы көне теңгелер көрсетіліп, теңгенің қалыптасуы туралы бейнеролик ұсынылды.Шара оқушылар үшін қызықты әрі пайдалы болды!





