ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
25
мая
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Сен қандай кітап оқыдың ?» атты пікір алмасу өтілді.Мақсаты:кітап оқуға қызығушылықтарды анықтау: Оқушылардың әдеби, жанрларға немесе авторларға деген қызығушылығын арттыру.Оқудың маңыздылығын атап көрсету, басқаларды кітап оқуға ынталандыру.Оқылған кітап арқылы адамның білім деңгейі мен пікір қалыптастыру қабілетін бағалау.

https://www.instagram.com/reel/DYprrHHzWl3/?igsh=dThhdWI5dmp6bHg=

18
мая
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жазушы Қабдеш Жұмаділов шығармаларының таңдалуы — оның әдеби мұрасының құндылығын айқындайды. Әсіресе, Тағдыр романы — жазушы шығармашылығындағы ең шоқтығы биік туындылардың бірі. Романда қазақ халқының күрделі кезеңдегі өмірі, шекара сыртындағы ағайынның тағдыры, ел мен жерге деген сағыныш терең бейнеленеді. Шығармада басты кейіпкерлер арқылы адам тағдыры мен халық тағдыры астасып, тарихи шындық көркем тілмен жеткізіледі. «Тағдыр» романы оқырманды өткенге үңілдіріп қана қоймай, тәуелсіздік пен елдіктің қадірін түсінуге жетелейді.

https://www.instagram.com/reel/DYXbg2Qgbl9/?igsh=MWlnNmtrYzJuNWI5aA==

12
мая
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында Баубек Бұлқышовтың 110 жылдығына арналған «Ұлы жеңіс-ұрпақ есінде» атты ерлік сағаты өтілді. Мақсаты: Ұлы жеңісті дәріптеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерлік ісін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі тұту. Оқушыларды патриоттыққа , отанды сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.

https://www.instagram.com/reel/DYEiPfpoD0L/?igsh=MThwd3F6dXo2YWk4Nw==

6
мая
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Ер жігіт-ел қорғаны» пікір алмасу мектебіміздің Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Султанов Айбек Баязитовичтің қатысуымен өтілді. Мақсаты: Балаларға 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесі жөнінде түсінік беру. Ұлы Отан соғысының мазмұнын әңгімелеп осы соғыста ерлік көрсеткен батырлардың ерліктерін, жыл сайын жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап отыратынын айтып, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, балаларды Отан қорғауға, Ұлы Отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге, батыл да ержүрек болуға үйрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

https://www.instagram.com/reel/DX8adGqooAz/?igsh=cWtrN3IxM2lkaDZj

30
апреля
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Халықтар достығы-бірлікте» атты әңгіме өтілді. Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.

https://www.instagram.com/reel/DXwXzaEIZTo/?igsh=MXFkM280MG9ycW55dg==

24
апреля
2026

📚✨ «Бір минут — бір кітап» ✨📚
Кітапханада «Бір минут — бір кітап» атты әсерлі акция өтті .
Абай Құнанбаев атындағы мектептің оқушылары өздері оқыған кітаптары туралы бір минут ішінде әңгімелеп, алған әсерлерімен бөлісіп, басқаларға оқуға кеңес берді
Әрбір сөз — ерекше әсер, әрбір ұсыныс — жаңа кітапқа жол ❤️
Оқушылар бір минуттың өзі кітапқа қызығушылық оятуға жеткілікті екенін дәлелдеді!

📌 Мұндай шаралар:
— сөйлеу қабілетін дамытады
— ой-өрісті кеңейтеді
— кітап оқуға деген қызығушылықты арттырады.
Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!
Бірге оқимыз — бірге дамимыз 📚
Сондай-ақ, мектеп кітапханашысы Садвакасова Самалға қолдауы мен белсенді қатысуы үшін ерекше алғыс айтамыз 🌷

https://www.instagram.com/reel/DXgNr3fjKvx/?igsh=MWdnYWZ5ZG9yeWFpdA==

24
апреля
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 23 сәуір Ұлттық кітап күніне орай «Қазақ музыкасының қара нары» атты диспут өтілді. Кеш Ахмет Жұбановтың – 120 жылдығына арналды. Мақсаты: Қазақтың біртуар тұлғасы, композитор, музыкатанушы, академик Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығын, оның ұлттық музыка өнерінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесін насихаттау және жастарға өнеге ету.

https://www.instagram.com/p/DXeWovwCMqP/?igsh=MXA0M2d0enUwaGxmMg==

щ2

24
апреля
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 23 сәуір Ұлттық кітап күніне орай «Авторлық фантастикалық шығармалар» атты байқау өтілді. Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Фантастика жанрына қызығушылықтарын арттыру. Жас авторларды анықтау және қолдау. Авторлық шығармалар жазуға баулу,оқушылардың әдеби тіл байлығын дамыту,үздік шығармаларды анықталып оқушылар марапатталды.

https://www.instagram.com/reel/DXbk7-8CNpa/?igsh=MXNoemF2Nmo4NW9vOA==

щ1

© 2026. Все права защищены.