ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
14
августа
2026

2026 жылғы 3 шілдеде мектеп жанындағы лагерьде балаларға арналған «Қараңғылықтағы шығармашылық» атты қызықты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Алғашқы тапсырмада балалар көздерін жұмып, өз қиялдарына сүйене отырып сурет салды. Бұл тапсырма олардың шығармашылық қабілеттерін, зейінін және қиялын дамытуға бағытталды.
Келесі кезеңде балалар екі қатарға бөлінді. Бірінші қатардағы әр баланың арқасына ақ парақ бекітілді. Екінші қатардағы бала сол параққа белгілі бір фигураны салып, бірінші қатардағы бала оны сезіну арқылы тақтаға дәлме-дәл бейнелеуге тырысты. Бұл ойын балалардың қызығушылығын арттырып, ұйымшылдыққа, зейінділікке және бір-бірін түсіне білуге баулыды.
Іс-шараның жалғасында балалар өрт сөндіру бөлімшесіне экскурсия жасап, өрт сөндірушілердің қызметімен танысты. Мамандар балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтып, арнайы техникалар мен құрал-жабдықтарды көрсетті.
Күн өте қызықты, мазмұнды әрі танымдық деңгейде өтті. Балалар көтеріңкі көңіл күймен көптеген жақсы әсер алып, үйлеріне қуана тарқасты.

https://www.instagram.com/reel/Da0ZYmWotYM/?igsh=eXl2NDRkYTdrMTVj

14
августа
2026

2026 жылғы 15 маусымда мектеп жанындағы лагерьде «Qazaq Power» ұлттық салт-дәстүрлер мен мемлекеттік рәміздерге арналған танымдық викторинасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін сынап, сұрақтарға белсенді түрде жауап берді.
Сонымен қатар, «Өнерім саған, елім!» тақырыбында шығармашылық жұмыс өткізіліп, балалар туған еліне деген сүйіспеншілігін сурет арқылы бейнелеп, өз ойлары мен қиялдарын шығармашылықпен жеткізді.
Іс-шара соңында лагерь тәрбиеленушілері Маралды көліне саяхат жасап, табиғат аясында тамаша демалыс өткізді. Олар көлдің әсем табиғатын тамашалап, таза ауада серуендеп, көтеріңкі көңіл күймен ұмытылмас әсерге бөленді.

https://www.instagram.com/reel/Da0YC41KfS9/?igsh=MWFta3NzM2N3NW1wZA==

14
августа
2026

2026 жылғы 13 шілдеде мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің балалары «Ғабдул-Уахит Хазірет» кесенесіне экскурсия жасады. Экскурсия барысында балалар кесененің тарихымен, орналасқан жерімен және айналасындағы табиғаттың әсемдігімен танысты. Сондай-ақ мешіт имамымен сұхбаттасып, рухани-танымдық маңызы зор мәліметтер алды.
Қайтар жолда балалар адам қолымен жасалған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндерін тамашалап, ерекше әсерге бөленді. Экскурсия балаларға өте ұнап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

https://www.instagram.com/reel/Dazb3X9Ialk/?igsh=MXdjZDY0Y29rcHkzOQ==

14
августа
2026

2026 жылғы 8 шілдеде мектеп жанындағы «Жаншуақ» лагерінің тәрбиеленушілері Павлодар қаласындағы балалар кітапханасына және Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасады.
Балалар кітапханада қазақ және әлем әдебиетінің ақын-жазушыларының өмірі мен шығармашылығымен танысып, кітаптың маңызы мен әдебиет әлемі туралы қызықты мәліметтер алды. Сондай-ақ, кітапхана қызметкерлері балаларға танымдық бағдарлама ұйымдастырып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырды.
Экскурсия барысында балалар Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайына барып, жойылып кеткен жануарлардың мүсіндерін, табиғатқа, тарихқа және өлкетануға қатысты құнды экспонаттарды тамашалады. Мұражай қызметкерлері әрбір экспонаттың шығу тарихы мен ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Экскурсия балалар үшін өте қызықты, мазмұнды әрі танымдық деңгейде өтті. Олар көптеген жаңа мәліметтер алып, туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасы туралы білімдерін толықтырды. Балалар көтеріңкі көңіл күймен ұмытылмас әсер алып, үйлеріне қуана қайтты.

https://www.instagram.com/reel/DaneY7HIlUi/?igsh=MTRha2d4dmsxdmM0Ng==

 

14
августа
2026

2026 жылғы 9 шілдеде мектеп жанындағы «Жаншуақ» лагерінің балалары «Тик-Ток Жаншуақ» тақырыбы аясында «Радуга» мектептен тыс жұмыстар орталығында ұйымдастырылған би кешіне қатысты.
Көңілді би бағдарламасынан кейін балалар қызықты ойындарға қатысып, сурет салып, шығармашылық қабілеттерін шыңдады. Әрбір бала белсенділік танытып, өз өнері мен дарынын көрсетуге мүмкіндік алды.
Шара барысында көтеріңкі көңіл күй мен достық атмосфера қалыптасып, балалар уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізді. Бүгінгі іс-шаралар лагерь тәрбиеленушілеріне ерекше әсер сыйлап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

https://www.instagram.com/reel/Dak_vJNqzNW/?igsh=cHZiaG1ib2NjdnRw

 

14
августа
2026

Бүгін мектеп жанындағы лагерьде ерекше көңіл күй сыйлаған “Trend Show” және “Color Party” іс-шаралары өтті.
Алдымен балалар сән әлеміне саяхат жасап, “Trend Show” бағдарламасы аясында өздерінің ерекше образдарын көпшілікке таныстырды. Әр қатысушы шығармашылық қабілеті мен талғамын көрсетіп, сән үлгілерін сенімді түрде ұсынды.
Кейін көңілді “Color Party” мерекесі ұйымдастырылды. Түрлі-түсті бояулар мен жарқын көңіл күйге толы кеште балалар би билеп, қызықты ойындарға қатысып, бір-біріне көтеріңкі көңіл сыйлады. Бұл күн лагерь тәрбиеленушілері үшін ұмытылмас әсерге толы болып, достық пен бірлікті нығайтқан жарқын мерекеге айналды.

https://www.instagram.com/reel/DaSuhF6IHcS/?igsh=MW96ajlsNWFjb3U2MA==

14
августа
2026

2026 жылғы 1 шілде мектеп жанындағы лагерьде «Қазақстанның болашағының шеберханасы» тақырыбы аясында танымдық және шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Алдымен балалар мектеп шеберханасына экскурсия жасап, көркем еңбек пәнінің мұғалімі ағаштан түрлі бұйымдардың жасалу технологиясымен таныстырды. Оқушылар ағаш өңдеу құралдарының қызметі туралы мағлұмат алып, қолөнерге деген қызығушылықтарын арттырды.
Кейін лагерь тәрбиеленушілері «Радуга» мектептен тыс жұмыстар орталығы ұйымдастырған математикалық-шығармашылық жарысқа қатысты. Балалар белсенділік танытып, өздерінің білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, қызықты тапсырмаларды орындады. Мұндай іс-шаралар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

https://www.instagram.com/reel/DaR9kzEo48N/?igsh=MWUwM2o3cDhmd2txcQ==

14
августа
2026

2026 жылғы 30 маусымда мектеп жанындағы лагерьде жоспарға сәйкес «Қауіпсіздік – әр адамның басты жауапкершілігі!» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында балаларға үйде, мектепте, көшеде және табиғат аясында қауіпсіз жүріп-тұру ережелері түсіндірілді. Қауіпсіздік мәдениетін ерте жастан қалыптастыру – олардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың маңызды кепілі екені айтылды.
Балалар түрлі жағдаяттарда өзін дұрыс ұстау жолдарын талқылап, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түсінді. Осындай тәрбиелік шаралар өскелең ұрпақтың жауапкершілігін арттырып, өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.

https://www.instagram.com/reel/DaNuJOuK9xh/?igsh=ODllaGM4MmgwOWlx

© 2026. Все права защищены.