ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
8
июня
2026

«Шаттық алаңы» жобасы аясында 5-маусым күні мектеп психолгінің ұйымдастыруымен эмоционалдық көңіл-күйді көтеруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және жағымды қарым-қатынас орнатуға бағытталған «Өмірді түрлі-түсті етейік» атты арт-терапиялық тренинг өткізілді.
Тренинг барысында балалар «Көңіл-күй салюті» ойыны арқылы өз эмоцияларын білдіріп, түрлі түстердің көңіл-күйге әсерін сезінді. «Көңіл-күй түстері» психологиялық ойыны балалардың эмоцияларын еркін жеткізуіне мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, «Сиқырлы алақандар қаласы» ұжымдық шығармашылық жұмысында қатысушылар өз қиялдарын пайдаланып, түрлі-түсті алақан іздерінен әсем бейнелер жасап, ортақ туындыны өмірге әкелді. Тренинг соңында «Кемпірқосақ астындағы демалыс» релаксациялық жаттығуы арқылы балалар тынығып, жағымды әсер алды.
Бала көңілі – өмірдің ең жарқын бояуы!

https://www.instagram.com/reel/DZUIgxIIPot/?igsh=cDJ5Y2hiaHRia3Rm

8
июня
2026

2026 жылғы 5 маусым күні бейіндік лагерьде оқушылардың шығармашылық, зияткерлік және танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды. Жоспарға сәйкес жауапты педагогтер әртүрлі бағыттағы жұмыстар өткізіп, балалардың белсенді қатысуына жағдай жасады.
Жабайканова Г.С. «Эксперименттік күн» тақырыбында сурет салу бағыты бойынша шығармашылық жұмыс ұйымдастырды. Оқушылар өз қиялдары мен идеяларын сурет арқылы бейнелеп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Баталова Г.Ж. «SMART BALA» жобасы аясында ғылыми викториналар өткізіп, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған тапсырмалар ұйымдастырды. Балалар сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз білімдерін сынады.
Сонымен қатар, Абдугалиева А.А. дүниежүзі тарихы пәні бойынша танымдық жұмыстар өткізіп, оқушылардың тарихи білімдерін кеңейтуге және қызығушылықтарын арттыруға бағытталған тапсырмалар ұйымдастырды.
Іс-шаралар барысында оқушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік алды.

https://www.instagram.com/reel/DZTvFqsIKfV/?igsh=NWQzcjBleXZyajQz

8
июня
2026

2026 жылғы 4 маусым күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және «Жаз–2026» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде бейіндік лагерь өз қызметін жалғастырды. Күн тәртібіне сәйкес педагогтер оқушыларға арналған түрлі бағыттағы танымдық және тәрбиелік іс-шаралар өткізді.
Шаку З. химия бағыты бойынша тәжірибелік-зертханалық жұмыстар ұйымдастырып, оқушыларға химиялық тәжірибелер жасау арқылы ғылымға деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік берді. Балалар зерттеу жұмыстарын орындап, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып тәжірибе жүргізді.
Сонымен қатар, Жумадиров Т.М. мен Ауппаева И.М. спорттық бағытта сайыстар мен қимылды ойындар өткізіп, оқушылардың дене белсенділігін арттыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүргізді.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың белсенді демалысын ұйымдастырып, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға оң әсерін тигізді.

https://www.instagram.com/reel/DZTt4Oyoggj/?igsh=cm9sODliaWFzZXpi

5
июня
2026

2026 жылғы 4 маусым күні мектеп жанындағы лагерь тәрбиеленушілері мен бейіндік лагерь қатысушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай патриоттық флешмоб ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен мемлекеттік рәміздерге құрмет сезімін қалыптастыру. Флешмоб барысында оқушылар көк Туымызды ұлықтап, патриоттық әндер орындап, ұйымшылдық пен белсенділік танытты.
Шара тәрбиеленушілерге ерекше әсер сыйлап, олардың елжандылық рухын арттыра түсті.

https://www.instagram.com/reel/DZKO0NuuNnB/?igsh=MWtiejA4bnRieDB0ag==

https://www.instagram.com/reel/DZK5LGwIdms/?igsh=ODQxdHB2MnFpcTds

5
июня
2026

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай мектебімізде патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік шара барысында мектеп оқушылары сапқа тұрып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын салтанатты түрде орындады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерге құрмет пен патриоттық рух қалыптастыру.

https://www.instagram.com/reel/DZKDVDHOyG8/?igsh=bmZzZmxvdTBiYXox

5
июня
2026

Жазғы академия шеңберінде балалар мен жасөпірімдерді психологиялық қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Шаттық алаңы» жобасы аясында 3-маусым күні Шарбақты ауданы Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ жанынан құрылған бейіндік лагерінде және «Жаншуақ» лагерінде «Жүрегімдегі жылу» тақырыбында психологиялық тренингтер мен ойындар өткізілді. Балалардың бір-біріне деген сенімділігін арттыру, жанашарлық сезімдерін дамыту, бір-бірлеріне тілеулестік сезімдерін ояту мақсатында «Көңілді сәлемдесу», «Достық өрмекшісі», «Хи-ха-хо», «Мен саған жылу жолдаймын» тренингтері өткізіліп, «Біздің достық мекеніміз» тақырыбында балалар бірлесе сурет салды.

https://www.instagram.com/reel/DZJZ7IDoJOa/?igsh=cjRuMnFydWdnM3R3

4
июня
2026

2026 жылғы 4 маусым күні мектеп жанындағы лагерь тәрбиеленушілері балалар музыка мектебінде өткен концерттік шараға қатысып, ерекше әсер мен көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп қайтты.
Концерт барысында оқушылар әсем ән мен күмбірлеген күй тыңдап, өнерлі балалардың шығармашылығына куә болды. Музыкалық кеш балаларға қуаныш сыйлап, эстетикалық талғамдарын арттыруға ықпал етті.
Іс-шара соңында лагерь оқушылары көтеріңкі көңіл-күймен оралып, алған әсерлерімен бөлісті. Балалардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

https://www.instagram.com/reel/DZK5GEDIx8P/?igsh=MWt4c21vY2Exb2hzOA==

4
июня
2026

Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру «Жаншуақ» лагерінің оқушылары «Радуга» орталығында ұйымдастырылған патриоттық-цифрлық «Алтын Қыран» сайысына қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша жас қатысушылар «Қазақстанның цифрлы болашағы» номинациясына ие болды.

Бұл жетістік оқушылардың шығармашылығы мен цифрлық технологияларға қызығушылығын, сондай-ақ туған елге деген сүйіспеншілігін айқын көрсетеді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыруларына тілектеспіз!

https://www.instagram.com/reel/DZH1cxrIQgp/?igsh=MWQyNXIyYXBlb3cwdA==

© 2026. Все права защищены.