ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
26
марта
2026

Бүгін, осынау шуақты көктем күнінде, ұлы мереке Наурыз қарсаңында, «Наурыз көже құпиялары» атты облыстық байқау өтті.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қонақтарды мазмұнды бағдарламасымен және терең мағынасымен қуантты. Байқаудың негізгі мақсаттары — ұлттық тағамдарды дәріптеу, ата-бабадан қалған салт-дәстүрлерді сақтау және Наурыз көженің дайындалу құпияларын жас ұрпаққа ұлағаттау.
Байқауда ауданымыздың намысын Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ оқушысы — Баскербек Баура лайықты деңгейде көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша ол «Ең креативті ұсыналым» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.
Құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс, шабыт пен жаңа жарқын жеңістер тілейміз!Сегодня в весенний и солнечный день, в преддверии великого праздника Наурыз, прошёл областной конкурс «Секреты Наурыз коже».

https://www.instagram.com/reel/DV_gfDsiOe0/?igsh=M2RxMHo1ejhhNWlv

17
марта
2026

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, “Наурызнама” онкүндігінің жоспарына сәйкес 16 наурыз – “Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне” орай аудандық мәдениет үйінде «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» атты ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған тағылымы мол шара ұйымдастырылды.
Аталған шараға мектебіміздің 5-сынып оқушылары қатысып, халқымыздың бай мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы терең мағлұмат алып, ерекше әсермен оралды.
Іс-шара барысында қолөнер шеберлері ұлттық өнердің қыр-сырын таныстырды. Атап айтқанда, Динара Қоңырқызы оқушыларға қазақы нақыштағы этно-брошь жасау жолдарын көрсетіп, оның мән-маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, Бердіғұл Құсанқызы құрақ көрпелердегі түрлі ою-өрнек түрлері мен олардың ерекшеліктері туралы айтып, ұлттық қолөнердің терең тарихымен таныстырды. Ал Ардақ Қатайқызы өз қолымен жасаған әсем қолөнер бұйымдарын ұсынып, олардың жасалу тәсілдері мен мағынасына тоқталды.
Осындай тағылымды кездесулер арқылы оқушыларымыз ата-бабадан мирас болып қалған ұлттық мұрамызды танып-біліп, халқымыздың өнері мен дәстүріне деген құрметі арта түсті. Мұндай шаралар жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қадірлеу сезімін қалыптастырып, рухани тәрбиесіне зор үлес қосатыны сөзсіз.

https://www.instagram.com/reel/DV87Z68iNYm/?igsh=a3JoN3JqcWlwNXdj

16
марта
2026

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, “Наурызнама” онкүндігінің жоспарына сәйкес 15 наурыз – “Қайырымдылық күніне” орай мектебімізде “Наурыз – игі істер бастауы” атты қайырымдылық акциясы бастау алды.
Аталған шараға мектебіміздің педагогтары белсене атсалысып, қайырымдылықтың үлгісін көрсетті. Акция барысында жиналған азық-түлік өнімдері аз қамтылған отбасыларға таратылып берілді.
Бұл игі іс – Наурыз мейрамының басты құндылықтарының бірі болып саналатын мейірімділік, қамқорлық және өзара көмек көрсету дәстүрін дәріптеуге бағытталды. Осындай қайырымды шаралар қоғамда ізгілік пен адамгершілік қасиеттердің арта түсуіне ықпал етеді.
Наурыз – жақсылық пен жаңарудың, бірлік пен татулықтың мерекесі. Сондықтан әрбір игі іс қоғамға жылулық сыйлап, адамдарды бір-біріне жақындастыра түседі.

https://www.instagram.com/reel/DV5kV1niGVl/?igsh=eWs4OTNucm5xdnpz

16
марта
2026

Аудандық мұражайда ұлттық дәстүрімізді дәріптеуге арналған «Көрісу күні – бірліктің бастауы» атты танымдық дәріс өтті. Шараға 9-сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында мұражай қызметкерлері халқымыздың көне дәстүрлерін таныстыру мақсатында шағын сахналық көрініс ұсынды. Қойылым арқылы оқушыларға Көрісу күнінің бұрын қалай аталып өткені, адамдардың бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасуы, үлкендердің ақ батасын беру дәстүрі әсерлі түрде көрсетілді.
Бұл шара оқушылардың ұлттық салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттырып, халқымыздың мәдени мұрасын құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталды.

https://www.instagram.com/reel/DV4A34QCHaM/?igsh=MXVicnUzaWVrM3Zncg==

12
марта
2026

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 2026 жылғы 6 наурызда мектебімізде «Қыз – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараға «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің апалары, мектеп директоры Жакупова Н.Ө, қолөнерші Қатай А, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Серікхан Айман, сондай-ақ 9–11 сыныптың қыздары қатысты.
Кездесу барысында қазақ қызының тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды сақтау, жаһандану дәуіріндегі қазақ қызының бейнесі, ана тіліне құрмет және әлеуметтік желідегі мәдениет туралы мазмұнды пікір алмасу өтті.
Шараның ерекше бөлігінің бірі – «Құндылықтар моншағы» тренинг элементі болды. Оқушылар мен аналар қазақ қызына тән қасиеттерді атап, олардың маңыздылығы туралы ой бөлісті.
Кездесу соңында ақ жаулықты аналарымыз ақ батасын беріп, қыздарға өнегелі тілектерін арнады.
Бұл тағылымды басқосу жас ұрпақтың бойына инабаттылық, білімге құштарлық, ұлттық құндылықтарды құрметтеу сияқты қасиеттерді дарытуға бағытталды.
Қазақ қызы – ұлттың айнасы, халықтың шырайы. Сондықтан әр қыз өз тәрбиесімен, білімімен және мәдениетімен елінің абыройын асқақтатуы тиіс.

https://www.instagram.com/reel/DVvcXUuiLfx/?igsh=Ym4yeW16enZpaTNy

12
марта
2026

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында 2026 жылғы 6 наурызда "Шебер ана" тақырыбы бойынша мектебімізде аналардың шеберлігі мен ұлттық өнерді дәріптейтін ерекше шара – «Шебер ана» қолданбалы қолөнер көрмесі өтті.
Көрмеге арнайы аудандық мұражай мамандары және оқушыларымыздың аналары қатысып, өздерінің туындыларын таныстырды. Олар тек көрініс көрсетіп қана қоймай, оқушыларға қолөнердің қыр-сырын үйретіп, ұлттық дәстүрімізді дәріптеу жолында тәжірибелерімен бөлісті.
Шара барысында көрмеге қатысушылар аналардың шығармашылығы мен еңбекқорлығының үлгісін тамашалады, түрлі ұлттық бұйымдар мен қолөнер туындылары ұсынылды. Әрбір туынды – аналардың шеберлігі мен жүректен шыққан махаббаттың көрінісі.
Көрменің мақсаты – ұлттық өнерді дәріптеу, жас ұрпаққа әсемдік пен еңбекқорлыққа тәрбиелеу, аналардың шығармашылық қабілеттерін қолдау. Бұл іс-шара оқушылар мен аналардың арасындағы байланыс пен шығармашылық ынтымақтастықты нығайтып, мектеп қауымында ерекше мерекелік көңіл-күй туғызды.
Ұлттық дәстүріміз бен өнерімізді дәріптеу – болашаққа қалдырған қымбат қазына. 

https://www.instagram.com/reel/DVu4jSKCOCF/?igsh=MWEweGN2MW1tY3Frcg==

 

11
марта
2026

2026 жылғы 5 наурызда мектебімізде қызмет атқаратын аяулы нәзік жанды асыл жандарға арналған оқушыларымыз дайындаған концерттік бағдарламаны тамашаладық.
Мерекелік шара барысында оқушылар ұстаздары мен мектепте еңбек етіп жүрген аруларға арнап әсем ән айтып, мың бұралған би билеп, жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді. Әрбір өнер нөмірі көрермендердің көңілінен шығып, мерекелік кештің сәнін арттырды.
Шараның басты мақсаты – әйел-аналардың, ұстаздардың қоғамдағы орны ерекше екенін дәріптеп, оларға құрмет көрсету. Оқушыларымыздың шынайы ықыласпен дайындаған өнерлері барша жанға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекенің мәнін арттыра түсті.

https://www.instagram.com/reel/DVhlMZfCJDd/?igsh=b3F0bmlycXR5YW53

11
марта
2026

Аяулы нәзік жандар күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 11-сынып оқушылары «Менің анам – менің мақтанышым» тақырыбында жүрекжарды эссе жазды.
Оқушылар өз шығармаларында ананың мейірімі мен шексіз махаббатын, отбасыдағы орны мен өмірдегі ең жақын жан екендігін ерекше сезіммен жеткізе білді. Әрбір эсседе анаға деген құрмет, алғыс пен мақтаныш сезімі айқын көрініс тапты.
Бұл шара оқушылардың анаға деген сүйіспеншілігін арттырып, ата-ана еңбегін бағалауға, олардың қамқорлығы мен тәрбиесінің қадірін түсінуге бағытталған тағылымды іс-шара болды.

https://www.instagram.com/reel/DVhb_piCOAJ/?igsh=cmJyamVqcnR3ZHYx

© 2026. Все права защищены.